Среда, 18 сентября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    “Жер сатылмайды” депсіз Президент мырза! Жер баяғыда бәліш сияқты сатылып кеткен…”

    Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жер сатылмайды” деген сөзіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Qazweek.kz порталы.

    Айгүл Орынбек өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жердің әлдеқашан сатылып кеткенін айтады.

    “Ордабасы ауданы Бадам ауылына 11 маусым күні келіңіз Президент мырза! Қытай компаниясына зауыт салуға рұқсат беру үшін бесінші рет қоғамдық келісім өткізбекші. Жергілікті әкім қаралар халықтың сөзін тыңдап жатқан жоқ. Аудан халқының бәрі қарсы.
    Компаниянығ 80% үлесі үш Қытайдікі! 20 % қазақ азаматшасы ол да құжат түрінде. Ертең зауыт салынатын болса толығымен жер Қытайлықтарға өтіп кететін шығар. Қорғасын қалдықтарын өңдеуге халық қарсы! 
    Жер инспекциясында маман болып істейтін азамат Сақыбеков Берік өз қызмет бабын пайдаланып қаншама жерді талан- таражға сатып заңсыз игеріп отырған. Ауыл халқынан, менің тарапымнан қаншама арыз жазылды. Қылмыстық іс әлі мыжылып жүріп жатыр. “Жер сатылмайды”- депсіз Президент мырза! Жер баяғыда бәліш сияқты сатылып кеткен. Ондай ертегіге сену қиын!
    Берік Уәли Халық қарсы болсада қайта қайта қоғамдық келісім жасап, Қытайларға халықты жығып беру кімге керек?” – деп жазады Айгүл Орынбек.

    қатысты посттар

    “Олардың артында қолында билігі бар адамдар тұрғаны түсінікті” Жәкішев қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдірді

    Фариза

    Президент Қорғаныс министрінің отставкаға кету жөніндегі өтінішін қабылдады

    Фариза

    “Уақытша ғана нәрсе екен…” – Тоқаев өз ойын ашық білдірді (видео)

    Пікір қалдыру

    four + three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.