23 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Ойын алаңында асылып қалған марқұмның xаты

    Полицейлер оқиға орнынан тауып алған хатта ер адам неге мұндай қадамға барғанын жазып кеткен.

    Үлкен Алматы өзені жағасындағы ойын алаңында 55 жастағы ер адам өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Qazweek.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

    21 мамырда әлеуметтік желіде алматылықтар жиі қыдыратын Үлкен Алматы маңында ер адам өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат тарады. 

    Алматы қаласының полиция депатарменті бұл ақпаратты растады.

    “Бұл факті 20 мамыр күні тіркелді. Ер адамның денесі Бостандық ауданы Набережная көшесіндегі аулалардың бірінен табылды. Өз-өзіне қол салған адам 1964 жылы туған. Оқиға орнынан хат табылды, ол өз өліміне ешкімді кінәламауды сұраған. Хатта өлімнің себебі жазылған, бірақ оны айтуға құқығымыз жоқ”, – деді Алматы қаласы полиция депатарментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

    Ол өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізілетінін атап өтті. 

    Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған жоқ. 

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында егін орағы қыза түсті

    Фариза

    Қазақстанға жұмысқа орналасуға жыл басынан бері 6350 ресейлік келген

    Фариза

    СЫР ӨНІМІ 12 ЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen + twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.