Полицейлер оқиға орнынан тауып алған хатта ер адам неге мұндай қадамға барғанын жазып кеткен.
Үлкен Алматы өзені жағасындағы ойын алаңында 55 жастағы ер адам өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Qazweek.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
21 мамырда әлеуметтік желіде алматылықтар жиі қыдыратын Үлкен Алматы маңында ер адам өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат тарады.
Алматы қаласының полиция депатарменті бұл ақпаратты растады.
“Бұл факті 20 мамыр күні тіркелді. Ер адамның денесі Бостандық ауданы Набережная көшесіндегі аулалардың бірінен табылды. Өз-өзіне қол салған адам 1964 жылы туған. Оқиға орнынан хат табылды, ол өз өліміне ешкімді кінәламауды сұраған. Хатта өлімнің себебі жазылған, бірақ оны айтуға құқығымыз жоқ”, – деді Алматы қаласы полиция депатарментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ол өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізілетінін атап өтті.
Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған жоқ.