-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Бір жылда Telegrambot арқылы жарты миллион қызмет көрсетілді

    Смартфондағы telegram қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтер мен сервистерді қолжетімді еткен @egovkzbot қызметіне бір жыл толды. Осы мерзім аралығында аталмыш бот көмегімен 534 576 мемлекеттік қызмет пен сервситер көрсетілді.

    Естеріңізге сала кетейік, алғаш рет танымал Telegram мессенджері арқылы тек 4 электрондық анықтама – мекенжай анықтамасы, жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы, сотталмағандығы туралы анықтама.

    Бүгінгі күні EgovKzBot-та 25 аса сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер мен сервистерді алу мүмкіндігі ұсынылған, олардың ішінде ең жақын ХҚКО-на кезекті брондау, борышкерлер тізілімі бойынша тексеру және шығуға тыйым салу, тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы анықтама, психо -, нарко -, туберкулезге қарсы диспансерлерден анықтама беру, медициналық ұйымға тіркеу, дәрігердің қабылдауына жазылу және т.б. оларды алу 2 минуттан аспайды, дайын анықтамалар мен құжаттар пайдаланушыға электрондық поштаға жіберіледі.

    Айта кету керек, Telegram-бот EgovKzBot пайдаланушысы болу үшін азамат мобильдік азаматтар базасында тіркелуі қажет. Мұны жеке кабинетінде «электрондық үкімет порталының» egov.kz немесе фронт-офистерде жасауға болады.

    қатысты посттар

    Шетелдік сарапшылар Тараздағы конференцияға оң бағасын берді

    Фариза

    Шымкент қаласы ауруханаларынан 288 азамат жазылып шықты

    Фариза

    Жамбылда 27 кәсіпорын жұмысшылардың жалақысын көтерді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.