10 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Саясат

    Аятолла Хаманеи: АҚШ-пен соғыспаймыз…

    “Соғыс болмайды, иран халқы Америкаға қарсылық көрсету жолын таңдады, бұл жол оны шегінуге мәжбүрлейді” деп мәлімдеді Иранның жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеи. 14 мамырда ұлттық арна эфирінде сөйлеген ол Тегеран АҚШ-пен ядролық бағдарлама жөнінде келіссөз жүргізбейтінін айтты, деп жазады centralasian.org

    Аятолла Хаменеи иран халқының қарсылығында әскери сипат жоқ екенін, қақтығысты екі жақтың да қаламайтынын мәлімдеді. Хаменеидің пікірінше, АҚШ-тың қазіргі басшылығымен ядролық келісім бойынша келіссөз жүргізудің қажеті жоқ.

    8 мамырда Иран 2015 жылы осы келісімді қабылдаушыларға — Франция, Ұлыбритания, Германия, Ресей және Қытайға – құжат ережелерін сақтауды доғаратынын ескертті.

    Еске салайық, мамыр айының басында АҚШ әскери күштерін Таяу Шығысқа жіберген. Дүйсенбі күні The New York Times газеті Пентагон бұл өңірге 120 мың сарбаз жолдауы мүмкін екендігін хабарлаған. Бірақ президент Дональд Трамп газет мәліметін “жалған” деп атады.

    қатысты посттар

    Трамп: Мен лидер болып тұрғанда Иран ешқашан ядролық қаруын қолданбайды

    Фариза

    “Қордайдағы қақтығысқа Әбләзов кінәлі…” – депутат Смағұлов (видео)

    Іздеу-2018 жаттығуларының барлау бөлімшелері үшінші кезеңді бастады.

    Денис

    Пікір қалдыру

    four × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.