23 C
Алматы
Бейсенбі, 13 Маусым 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Ауыр қаза… “Balapan” арнасы бір балапанынан айырылды

    “Balapan” телеарнасының бір балапаны көз жұмды деп хабарлайды Qamshy.kz сайты,

    Бұл туралы балалар жазушысы, әдебиет сыншысы Елдос Тоқтарбай өзінің фейсбуктегі парақшасындажазды.

    “АУЫР ҚАЗА… Талантты бала еді… Рамазан айында дұға етіп едік… Орны толмас өкініш… Қысқа ғұмыр… Не деген ауыр еді… Алла алдынан жарылқасын! Ата- анаңа, туғандарыңа сабыр берсін!” делінген жазбада.

    Еске салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желідегі аға-апалары Құтжан Бағланның апатқа түсіп, ауыр хәлде жатқанын жазып, халықта дұға тілейік деген жазбалар қалдырып еді.

    “Апат айтып келмейді ғой… Екі күн бұрын 13 жасар Құтжан Бағлан Ғалымбекұлы есімді балақай жол апатына түсті. 

    Бағлан @balapantv -дағы “Ойлан, тап!”, “Біз де бал болғанбыз”, “Қуыр, қуыр, қуырмаш”, “Дұрыс-бұрыс” бағдарламаларын жүргізген, талабы таудай таланты бала. Сондай-ақ, @qazradio.fm -да “Балдәурен” балалар бағдарламасын жүргізді.

    Өзі велоспортқа да қатысады. Спорт шеберіне үміткер. Осы спорттың кезекті жаттығуы барысында спорттық велосипедпен жол жиегінде келе жатқанда, жүк көлігімен соқтығысып, өте ауыр жарақат алды. Қазір өмір мен өлім арасында, өте ауыр жағдайда (КОМА-да) жатыр.

    Қадірменді ағайын, Жаратушы Алла Тағаладан баланың амандығын тілейік. Оқыған намаз, Құранымызда һәм Тарауих намазында осы баланың денсаулығын дұғаға қоссаңыздар. Қасиетті Рамазан айындағы дұға-тілектеріміз қабыл болсын!” деген мәтіндегі жазбаларды көптеп таратып, күллі қазақ кішкентай балақай үшін дұға тілеген еді.

    қатысты посттар

    Депутаттар оқушыларды мектепке қайтаруды талап етіп жатыр

    Фариза

    Армия халықаралық ойындары – 2020 аяқталды

    Фариза

    Қармақшыда 50 жылдан астам жұмыс істеген трансформатор қайта жаңғыртылуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.