22 C
Алматы
Сенбі, 4 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Экономика

    Зейнетақы жинағын кредитті жабуға пайдалануға бола ма

    Ұлттық банк өкілі зейнетақы жинақтарын басқа мақсатқа пайдалануға рұқсат берілсе, біреулер зейнетақысыз қалуы әбден мүмкін екенін айтты

    ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасын баспанаға немесе кредитті жабу үшін пайдалануға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    “Мен өзім зейнетақы жинақтарын кредитті жабу үшін пайдалануға қарсымын. Бұл – менің жеке пікірім. Иә, неше түрлі жағдайлар болады. Қаржылай қиындықтар болғанда несие алуға тура келеді. Кепілдік те бар. Ал кредитті ақшамен, я болмаса, кепілдікпен өтеу керек. Бірақ БЖЗҚ-дағы жинақтар зейнетке шыққаннан кейін керек қой. Мәселен, ол ақшаны пайдалануға рұқсат берілсе, несие алған адам зейнетақы жинақтарын жұмсап, кепілдіктен де айрылуы мүмкін. Меніңше, ондай жағдайда зейнетақы жинақтарын кредитті жабу үшін пайдаланған қисынсыз сияқты”, – деді Смоляков журналистерге берген сұхбатында.

    Оның айтуынша, барлық қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бірдей емес. Ал оны басқа мақсаттарға пайдалануға рұқсат берілсе, біреулер зейнетақысыз қалуы әбден мүмкін.

    “Негізі, осы мәселелердің бәрі пысықталуда. Жалпы, зейнетақы жүйесіне қатысты жұмыстар атқарылып жатыр. Иә, оның бәрін қарастырып жатқанымызға біраз уақыт болды. Дегенмен, күзге таман алдын ала қорытынды болады деген ойдамын”, – дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

    қатысты посттар

    Forte bank әлемнің үздік 3 банкінің қатарына кірді

    Доллар бағамы 490 теңгеден түсті

    Фариза

    Қарағандыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ірі мөлшерде есірткі сатқаны үшін сотталды

    Денис

    Пікір қалдыру

    eighteen − eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.