20 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Өскеменде WorldSkills Shygys – 2019 IV аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының басталды

    Бүгін Өскемен қаласында облыстық әкімдік 18 бен 22 жас аралығындағы студенттер мен жұмысшы жастар арасында WorldSkills Shygys – 2019 IV аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының бастау алғандығы туралы бұқаралық ақпарат құралдар өкілдерінің қатысуымен арнайы брифинг өткізді. 
    Онда 13-17 мамыр аралығында колледждер мен жоғары оқу орындарының 270-тен астам студенттері мен түлектері 43 құзыреттілік бойынша қатысады. Байқаудың бағыттары сан түрлі: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, азаматтық көлік қызметі, өндірістік және инженерлік технологиялар, құрылыс және құрылыс технологиялары, қызмет көрсету саласы, шығармашылық және дизайн, білім беру, медициналық және ауылшаруашылық саласы.
    Чемпионатқа қатысушыларға облыс кәсіпорындарының жетекші мамандары қатарынан құрылған кәсіби қазылар алқасы баға береді: «Welding Company» ЖШС, «Промтехмонтаж» ЖШС, «ВК ТехноГрупп» ЖШС, «FESTO» ЖШС, «АЗИЯ АВТО» АҚ, «БИПЭК АВТО» АҚ, «KAZ Minerals» ЖШС, «Өскемен өнеркәсіптік арматуралық зауыты» АҚ, «Үлбі металургиялық зауыты» АҚ, «Dedeman Oskemen Tavros» қонақ үйі, «Силумин-Восток» ЖШС, «1С-Рейтинг» ЖШС, «Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Султан» мейрамханасы, «КЭМОНТ» АҚ, «Казцинк» ЖШС, «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «Экспертиза и Аналитика» ЖШС, «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ, «Парасат- энерго» ЖШС,«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ, «ВостокТехЭксперт» ЖШС, «Востокмашзавод» АҚ және т.б. 
    Чемпионат жеңімпаздарын марапаттаушы бас демеушілердің бірі «Казцинк» ЖШС 21 құзыреттілік бойынша әрбір жеңімпазға 70000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы белгіледі, қалған 22 жеңімпаз мамандықтарына байланысты басқа демеушілерден бағалы сыйлықтарға ие болады.
    Аймақтық чемпионаттың жеңімпаздары Нұр-Сұлтан қаласында өтетін WorldSkills Kazakhstan 2019 V Ұлттық чемпионатына қатысу құқығына ие болады.
    WorldSkills Shygys – 2019 аймақтық чемпионаты аясында ағымдағы жылдың 14 мамырында мүмкіндіктері шектеулі жандар арасында «Шаштараз ісі», «Ақпараттық технологиялар» және «Сән технологиясы» құзыреттіліктері бойынша I аймақтық «Abilympics Shygys – 2019» кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді. 
    Байқау ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының студенттері мен арнайы түзету-білім беру мекемелерінің мүмкіндігі шектеулі оқушылары арасында өткізіледі.
    WorldSkills Shygys-2019 аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатын өткізу барысында жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау мақсатында 2019 жылдың 14-16 мамыры аралығында 7-11 сынып оқушыларына арналған “My PRO” мамандықтар фестивалі өтеді, онда облыстың түрлі колледждерінің мүмкіндіктері мен әлеуеті туралы толық ақпарат ұсынылады. Чемпионатты және «My PRO» мамандықтар фестивалін өңірдегі орта мектептердің 4000-нан аса оқушылары көрермен ретінде тамашалайды деп күтілуде.

    қатысты посттар

    «Елдіктің 7 тұғыры»: Елбасы қағидаттары жамбылдық жастарға жігер сыйлады

    Фариза

    Шымкентте шегірткеге қарсы күрес жұмыстары жүріп жатыр

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК КЕҢЕС САЙЛАУЫНА ҚҰЖАТ ТАПСЫРУ БАСТАЛДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 + 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.