15 C
Алматы
Сенбі, 25 Наурыз 2023
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес Медиа

    Димаш Құдайбергеннің Мәскеудегі концерті – желіде толық видеосы жарияланды

    Димаш Құдайбергеннің Кремльде өткен концертінің толық видеосы желіде жарияланды

    Димаштың жеке ән кеші 22 наурызда Мәскеудің Кремль сарайында өткен болатын. Әлемнің 56 елінен қазақ әншісінің тыңдармандары Ресей астанасына жиналды.

    Димаш әр тілдерде танымал туындыларды орындап, қазақ тілінде ән шырқағанда залда Қазақстанның туы желбіреп тұрды. Ал “Елім менің” әнін орындаған кезде жүрек пішінді шарларды ұшырды.

    Сонымен қатар, Димаш фанаттарын тағы бір өнерімен таңғалдырды: домбырамен Дәулеткерейдің “Көроғлы” күйін орындап берді.

    Димаштың келесі жеке концерті 29 маусымда Нұр-Сұлтанда өтеді.

    қатысты посттар

    Қазір жүрегі бар адамның тыныш ұйықтауы мүмкін емес – Димаш Құдайберген

    Фариза

    “Тойда айфоннан шашу шашты” Қазақ тойларындағы түрлі қызықтар (видео)

    Фариза

    Президент рэп оқып, желіні жарды (видео)

    Пікір қалдыру

    one + 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.