13 C
Алматы
Сәрсенбі, 27 Қыркүйек 2023
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Абай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі «Біздің міндет- сыбайлас жемқорлықпен күрес»

    Абай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу мақсатында бағытталған жұмыстарды үздіксіз жүргізуде. Егерде қарапайым тілмен айтсақ, сыбайлас жемқорлық бұл қызметтік жағдайын жеке басына пайдалану болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың бірден бір  көрінісі – парақорлық. 
    Пара дегеніміз не? Бұл дегеніміз лауазымды тұлғаның өзге тұлғадан өзінің отырған лауазымымен байланысты оған көрсетілетін қызмет үшін қаражат немесе басқалай игілікті алу болып табылады. Алайда көп жағдайда көрсетілген қаражат пен игілікті парақордың өзі емес, оның жақын туыстары немесе жалған ұйым алуы мүмкін.
    Жемқорлық азаматтық қорғау органдарының қызметін тиімді қызмет етуін бұзып, мүмкіндіктерін  әлсіретуі мүмкін. Сондықтан азаматтық қорғау органдары қызметінің басым бағыттарының бірі жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылықтардың жолын кесу, алдын алу мәселелері болып саналады.
    Жемқорлықпен күрес мақсатында Абай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және Қарауыл ауылының № 49 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен оқу сабақтары өткізіліп, жемқорлықпен күрес бойынша бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылады, сондай-ақ анықталған жемқорлық әрекеттері көрсетілген облыстық және республикалық шолулармен таныстырылады, 
    Атқарылған жұмыстар нәтижесінде, Абай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және Қарауыл ауылының № 49 өрт сөндіру бөлімдерінде соңғы жылдары қызметкерлермен жасалған жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылықтары тіркелген жоқ.  

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: «ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 20 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

    Фариза

    «Шымкент қаласы әкімінің денсаулығына төнген қауіп жоқ» — баспасөз хатшысы

    Фариза

    Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылындағы Бірлесу-Еңбек орта мектебінің ашылу салтанаты өтті

    Пікір қалдыру

    four × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.