Понедельник, 17 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    136 пассажир мінген ұшақ өзенге құлап батып кетті

    Жолаушылар тасымалдайтын Boeing-737 Кубадан ұшып келіп, Флорида штатындағы Джексонвилл қаласының маңындағы өзенге батып кетті деп хабарлайды қала мэрі Ленни Керридің сөзін негізге ала отырып.

    Жария болған ақпаратқа сүйенсек, ұшақ бортында 136 жолаушы және жеті экипаж мүшесі болған екен.

    Miami Air компаниясының әуе көлігі Джексонвилл әуежайына қона берген кезде аяқ астынан бұрылып кеткен. Ұшу алаңынан шығып кеткен ұшақ Сент-Джонс өзеніне түсіп кетіпті.

    Апатты жағдайдан ешкім қаза тапқан жоқ. Түрлі дәрежеде жарақат алған жолаушыларды ауруханаларға жеткізді.

    Оқиға орынында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар белсенді жұмыс жасауда.

    қатысты посттар

    «Экологиялық апат»: Қапшағай су қоймасында небәрі 5 мың тонна балық қалды

    Фариза

    Шымкент: Жарақат алғандар мен қайтыс болғандар жоқ

    Фариза

    «Қандастарды қаңғытып жіберді» – заңгер СҚО-дағы аудан әкімін жауапқа тартуды талап етті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.