1 C
Алматы
Суббота, 2 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Ержан Максим: Алла Пугачева мені түсінде көріпті… (видео)

    «Голос дети» байқауының финалисі Ержан Максим мен оның анасы «Talk like» бағдарламасына сұхбат берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

    — Жеңіске деген сенім қанша пайыз болды? 

    Ержанның анасы: Сайыс барысында тәлімгері үлкен үміт артты. Біз де жеңістен үмітіміз болды. Бірақ финал кезінде Ержан кешке дейін дайындық кезінде болды. Кей қателіктері болды, нотасына жете алмай қалған жерлері болды. Сол кезде іштей дұрыс айта алмай қалды ма деп ойладық. Жеңіске деген сенім 100 пайыз болды деп айта алмаймын. Шамамен 70-80 пайыз сенімді болдық. Себебі қарсыластар өте талантты еді.

    — «Голос дети» бағдарламасы әділ өтпеді» деген ресейлік танымал жұлдыздар болды. Қалай ойлайсыз, супер финал әділ өтті ме?

    Ержанның анасы: –Әділ өтті деп ойлаймын. Себебі, біз кім қалай дауыс бергенін біле алмаймыз ғой. Мен сол кезде бұл туралы ойлай алмадым. Себебі Ержан орындаған ән өте күрделі болды. Димаштың дауыс тонында айтты. Ұйымдастырушылар да таңғалды. Мен финал кезінде дауысына зақым келмесе екен деп отырдым. Нәтижені айтқан кезде «әттеген-ай» деген кез де болды. Өйткені, Ержан бар күш жігерімен өз деңгейінде айтып шықты.

    — Бағдарламада жеңіске жеткен қыздың анасы Алсу — танымал әнші, ал әкесі — қалталы бизнесмен. Оның жеңіске жетуіне қомақты қаражаттың көмегі болған жоқ па? Қалай ойлайсыз?

    Ержанның анасы: –Алсу өте қарапайым әйел. Қызы да сондай. Ақшам бар деп шалқайып жүретін адамдар болады ғой. Біз бірге тамақтанып жүрдік. Мүмкін халық шынымен Алсудың қызына дауыс берген болар.

    — Максим Галкин «мұндай бағдарламаларға өз балаларымды қатыстырмас едім. Себебі балаларымның мұндай әділетсіздікке душар болғанын қаламаймын» деді. Сіз «Ержанның сағын сындырып алдым -ау» деп өкінбедіңіз бе?

    Ержанның анасы: –Жоқ, ондай ойда болмадым. Себебі мен халықтың риза болғанын көрдім. Себебі көп адамның тұрып, қол шапалақтап жылағанын да байқадым. Ержан да жылады. Жылап тұрып ән айтты. Мен баламмен түрлі байқауларға бардым. Мен ұлымның қиналып ән айтқанын көрдім, сезіндім. Ал халықтың үлкен ризашылықпен тік тұрып, қол шапалақтағанын көріп, өзімді жұбаттым.

    — Нәтиже шықты. Қорытынды анықталды. Сол кезде Ержанның айтқан алғашқы сөзі қандай болды?

    Ержанның анасы: –Ержанды біз көрмедік. Бізді шығармады ғой.  Бәрі аяқталған соң көрдік. Ол қобалжып, жылап, көзі мөлдіреп бізге қарап тұрды. Мен енді қаталдау қараймын. Ержанның әдеті ол адамның бірінші көзіне қарап алады. Сол жерде әкесі де болды. Бәріміз қолдау көрсеттік. Әрине, оңай тиген жоқ. Шыққан кезде Ержанның даусы қарлығып, кішкене ауырып қалыпты. Барлығымыз бір құшақтасып жылап алдық.

    — Ержан, бас жүлде алмағаныңа мұңайған сәтің болды ма?

    Ержан: –Негізі бас жүлде алмағаным да жақсы болды. Егер мен бас жүлде алсам, олар мені құттықтап қоя салатын еді. Ал бас жүлде алмаған кезімде, көп адам қолдау білдіріп, құттықтап жатты. Бұл мені қуантты. Қолдап, қолпаштаған адамдарға алғысымды айтамын. Кейін Алла Пугачевамен кездестік. Ол өзінің ақылын айтты. Сондай-ақ ол мені түсінде әлемдік жұлдыз болып жатқанымды көрген.

    — Миладзе сіздерді қалай шығарып салды?

    –Қимай қоштасты десек те болады. Қазақстанда бірнеше концерті болады екен. Соған байланысты өз ұсыныстарын айтты. Сосын ең қызығы, Миладзе аздап қазақша сөйлей бастады. Бірде Ержанға ол «Айналайын» деп айтқан. Бұл туралы маған Ержан айтып берді. Кейін «қайырлы күн, это добрый день?» деп сұрады. Мен «иә, мұны қайдан білесіз» деп сұрадым. Ал ол «Батырхан үйретті» деп жауап берді.

    қатысты посттар

    Ресейлік танымал актриса туған атасының қазақ екенін жайып салды

    Денис

    «Көк галочка бар…» Қайрат Нұртас алаяқтардың құрбаны болды

    «500 теңге» — Димаш Құдайбергенге арналған көрме ашылды

    Пікір қалдыру

    ten − four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.