-11.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Елордадағы алапат өртке қатысты жаңа деректер шықты

    Бүгін елордада бес қабатты тұрғын үй өртеніп, 400-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді

    Нұр-Сұлтанда отқа оранған жатақхананың тұрғындары оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп жазады Sputnik Қазақстан

    Таңертең қаладағы Жаханша Досмұхамедұлы көшесінде орналасқан жатақхана қызыл жалынға оранған. Жақын маңда тұратын Алмагүл есімді тұрғынның айтуынша, өрт сағат 11-дің кезінде шыққан.

    «Алғашында қоқыс жанып жатқан шығар деп ойладым. Себебі, пластмассаның иісі шықты. Сөйтсем, үйіме қарама-қарсы орналасқан жатақхана жанып жатыр екен. Үйдің жанында адам қарасы көп болды. Балаларын терезеден лақтырып жатты. Ал төмендегілер жерге көрпе төсеп, оларды тосып алды», — дейді елордалық тұрғын.

    Пожар в одном из общежитий в Нур-Султане

    © SPUTNIK / АБЗАЛ КАЛИЕВ.Нұр-Сұлтандағы жатақханалардың бірінен өрт шықты

    Ал сол жатақханада тұратын Гүлзаданың айтуынша, қою қара түтіннен ештеңе көрінбей, айнала тас түнекке айналған.

    «Мен бесінші қабатта тұрамын. Өрттің иісі шықты. Ештеңеге алаңдаған жоқпын. Бір кезде терезеге қарасам, жатақханамыз өртеніп жатыр. Пәтердің есігін аштым. Қою қара түтіннен ештеңеге көрінбейді. Айнала тас қараңғы. Үйде кішкентай балаларым мен күйеуім болды. Құдай сақтап, отағасы мені мен балаларымды жанып жатқан үйден алып шықты. Осы сәтте өрт сөндірушілер келді.  Бесінші қабатта балаларымен қалып қойған адамдар болды. Оның арасында көпбалалы отбасылар мен мүгедектер бар», — дейді ол.

    Сонымен қатар Гүлзада балаларын дәрігерге қаратқанын, олардың денсаулығы жақсы екенін жеткізді. Айтуынша, жатақхана апатты жағдайда болған.

    «Әкімдер қайда қарап отырғанын білмеймін. Үй құлағалы тұр. Мұнда көпбалалы отбасылар тұрады, қаншама бала бар. 2009 жылдан бері осы үйде тұрамын. Ай сайын жөндеу жұмыстарына 2 мың теңгеден жинаймыз. Бірақ одан пайда жоқ. Жатақхана құлап қалама деп қорқамыз. Себебі, мұндағы екі сатының бірі өткенде опырылып түсті. Енді адамдар бір сатыны пайдаланып жүр. Ал жертөленің іші суға толып тұр», — дейді ол.

    Оның сөзін Галина Чернышева толықтырды. Ол да құлағалы тұрған жатақханада тұрады. Галина «тірідей үйіндінің астында қаламыз ба?» деп қорқады.

    «Жатақхана апатты жағдайда тұр. Жертөленің іші толған су. Мұнда кәріз жүйесі дұрыс жұмыс істемейді. Пайдаланылған су жертөлеге жиналады. Ол ешқайда кетпейді. Сонда тұрады. Түбінде осы үй құлап, көптеген тұрғын қаза таба ма деп қорқамын», — дейді ол.

    Сондай-ақ ашынған тұрғын өрттің неден шыққанын да айтып берді.

    «Жатақханадағы тоқ сымдары ескірген. Соған қарамастан біз осында тұрып жатырмыз. Көрші әйелдің үйіндегі электр сымдары тұйықталды. Салдарынан бөлмеден өрт шықты. Көршіміз жұмыста болды. Ол – қызын асырап отырған жалғызбасты әйел», — деді Галина Чернышева.

    Әңгіме барысында ол түтіннен ештеңе көрінбегенін, жылаған балалардың дауысын естіп, жүрегі ауырғанын айтты.

    «Пластик терезелер мен трубалар өртенді. Қою қара түтін пайда болды. Ештеңе көрінген жоқ. Осы кезде балалар бөлмелерінде отырды. Жылап, айғайлай бастады. Мұнда көпбалалы отбасылар тұрады. Балалары балабақшаға бармайды. Құдай қолдап, өрттен ешкім қаза тапқан жоқ», — дейді тұрғын.

    Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтандағы Жаханша Досмұхамедұлы көшесі бойында орналасқан жатақханадан өрт шықты. 350 адам өз күшімен сыртқа шыққан. 20 адамға медициналық көмек көрсетілді. Өртті сөндіруге қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 66 қызметкері мен 18 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды.

    қатысты посттар

    Алматыда Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың немересі қамауға алынды

    Дүнген халқы ҚР заңы мен тілін көздеріне де ілмей ме?

    Қарағандыда Қосановтың қолдаушысын атып кетті

    Пікір қалдыру

    seventeen + sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.