15 C
Алматы
Сенбі, 25 Наурыз 2023
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Нұр Сұлтанда жатақханадан өрт шығып, жүздеген адам қашып шықты

    Елордада бес қабатты жатақхана өртенді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. Өрттің шығу себебін төтенше жағдайлар қызметкерлері анықтап жатыр.

    2 мамыр күні сағат 10:39-де төтенше жағдайлар департаментінің “101” пультіне Байқоңыр ауданы Халел Досмұхамедұлы көшесіндегі бес қабатты жатақханадан өрт шыққаны туралы хабар түскен.

    “Өрт ғимараттың екінші қабатындағы бөлмеден шықты. Жалын 20 шаршы метрді шарпыды. Оқиға орнына шұғыл жеткен мамандар тілсіз жауды 11:15-те сөндірді”, – делінген хабарламада.

    Сонымен қатар өрт сөндірушілер автосатының көмегімен 32 адамды қауіпсіз жерген көшірді. Оның 28-і бала екен.

    “Жатақханадағы 350 адам өз күшімен сыртқа шықты. 20 тұрғын дәрігерлерден көмек сұрады. Олардың ішінде 14 бала бар. Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр. 

    Өртті ауыздықтауға қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 66 қызметкері мен 18 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды”, – деп мәлімет берді төтенше жағдайлар комитеті.

    Сондай-ақ, өрттен зардап шеккендерге ҚР ІІМ ТЖК апаттар медицинасы орталығының 6 дәрігері көмек көрсеткен.

    Дереккөз: Sputnik.kz

    қатысты посттар

    Шереметьевода қаза тапқан бортсеріктің анасы ұлының өлімі жайлы айтты

    “7 жастағы бала көз жұмды”: Шымкентте көлік жүргізген жасөспірім 3 баланы қағып кетті

    Фариза

    Алматыда Bek Air ұшағы құлады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.