10 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Нағашысы тоғыз жасар жиенін көлікке байлап сүйреген

    Жеткіншектің анасы Ресейге ақша табуға кетіп, ұлын нағашыларының қолында қалдырған

    Бішкекте 33 жастағы ер адам жиенін BMW көлігіне байлап, бірнеше метрге сүйреді деген күдікке ілінді, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

    “27 сәуірде сағат 8:00 кезінде аудандық ішкі істер басқармасына “Алтын Қазық” тұрғын алабында ер адамның баланы соққыға жыққаны туралы хабар түскен. Құқық қорғаушылар бірден оқиға орнына аттанып, олардың кім екенін анықтады”, – делінген Ішкі істер бас басқармасы хабарламасында.

    Нағашысы жиенін соққыға жығып, артынша көлікке байлап сүйреген

    © FOTO : ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР БАС БАСҚАРМАСЫНағашысы жиенін соққыға жығып, артынша көлікке байлап сүйреген

    Тұрғын алабындағы үйлердің бірінде денесінің сау-тамтығы жоқ тоғыз жасар бала табылыпты. Милицияның мәліметіне сүйенсек, жеткіншекті туған нағашысы ұрып-соғып, көлікке байлап сүйреген.

    Бала ауруханаға жеткізілді. Анасы Ресейге ақша табуға кетіп, ұлын нағашыларының қолына қалдырған екен.

    Нағашысы жиенін көлікке байлап сүйреген

    © FOTO : ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР БАС БАСҚАРМАСЫНағашысы жиенін көлікке байлап сүйреген

    Күдікті ұсталды, аталған дерек “Бұзақылық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысы әкімі шешімінің жобасы жарияланды

    Фариза

    Экс-президентті ұстау кезіндегі жантүршігерлік кадрлар (фото, видео 18+)

    «Зектер» қимай шығарып салды, абыройлы болдым». Бірнеше жылға сотталған экс-әкім бостандыққа шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve + 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.