-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Ержан Максим тегінің неге «Максим» екенін түсіндірді


    «Голос. Дети» байқауының екінші орын иегері Ержан Максим тегі туралы түсіндіріп берді  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

    Қазақтың жарқырап шығып келе жатқан жарық жұлдызы туралы бірер мәлімет ұсынсақ.

    Ержан 2007 жылдың 1 қаңтарында Батыс Қазақстанда, Орал қаласында дүниеге келген.

    Әкесі — Ербол Наумов.

    Анасы — Гүлмира Әлібек. 

    Ол төрт жасында ән айтып бастаған. Әкесінің қырық жас мерейтойында ән салған ұлдарының дарынын байқаған ата-анасы оны жергілікті жердің Мәдениет үйіндегі вокал үйірмесіне береді. Жетекшісі Республикалық байқаулардың лауреаты, Орал филармониясының белді мүшесі — Дария Бақытова.

    9  жасар Ержан халықаралық сахнада ең алғашқы жетістігін көрсетті.

    Ол 2016 жылы Грузияның Батуми қаласында өткен «Дельфин Фест» әншілер фестивалінің бас жүлдесін қанжығасына байлады.

    Бір жылдан кейін, яғни 2017 жылы Италияда өткен San Remo Junior фестивалінде симфониялық оркестрмен жанды дауыста ән шырқап, финалист атанды.

    Дәл сол жылы Витебсктегі  «Славян базарында» екінші орын иегері болды.

    2018 жылы балалар «Евровидениесінде» финалға шықты.

    2019 жылы Ресейде өткен «Голос.Дети» байқауының екінші орын иегері атанды.

    Ән айтқаннан бөлек, ол футбол ойнағанды жақсы көреді.

    Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесуінде «Неге тегің Максим?» деген сұраққа да жауап берді. Ержанның айтуынша, оның атасының аты Мақсым болған. Алайда құжатта Максим болып жазылып кетіпті.

    қатысты посттар

    Гүлнұр Оразымбетова отбасы жайлы кітап жазбақшы

    Денис

    Димаш өзіне қандай қыздардың ұнайтынын айтты (видео)

    Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.