22 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Мәдениет және шоу-бизнес

    Билікті жамандап жақсы очко жинап отыр… – Нұрболxан Шарапов

    Танымал жайдарманшы Нұрболхан Шарапов сайлаудан кейінгі жағдай туралы пікір білдірді. Ол айтыскер Ринат Заитовты биліктің тапсырмасын орындаған актерға теңеп, сомдаған рөлін жақсы атқарып шыққанын айтады. Бұл туралы әзілкеш инстаграмдағы өз парақшасына жазба қалдырған болатын.

    “Иә, сайлау әділ өткен жоқ. Себебі, біраз әшікере видеолар өзі-ақ қалқып шықты инстаға. Мен ешкімді жақтамаймын. Ешкімді даттамаймын. Жеке пікірім. Келіспесеңізде,р қарсы пікір қалдыруға міндетті емессіз. Ринат Заитов та өз рөлін жақсы атқарды. Билікті жамандап жақсы очко жинай отырып, бәрін сайлауға баруға үгіттеді. Тапсырма сондай еді: “Бастысы бәрін сайлауға баруға үгітте!” Қайтейін, енді елімізді жақсы жаққа, жарқын болашаққа жетелейтін басшы болсын….”,- деп жазба қалдырды.

    Ал, сайлауда Президенттікке үміткер Әміржан Қосановты да сол театрдың кезекті бір мүшесі деп танып, бүгінге дейін оның халықты басқарып көрмеген адам екенін алға тартты. “Сенген қойым сен болсаң болды ма? Қасымда жүргендердің бәріне айтып едім, әдемі РОЛЬ ойнап жүр, сайлаудан кейін Қосановты таппай қаласыңдар. Дальше күнделікті өз жұмысын жасап жүре береді деп. Бұған дейін танымаппын, бұрын қайда жүрді деп айтқанымдай болды. Қосанов егер Президент болса, енді не істеймін деп қалатын адам ғой. Досьесін қарау керек, халық басқарып көрген адам ба өзі?” – деп жазды Нұрболхан Шарапов.

    ernur.kz

    қатысты посттар

    Яссауи кесенесіне келушілерге 500 литр наурыз көже таратылды

    Абайдың “қара сөздері” мен Балғынбектің “жаңа сөздері” немесе Балғынбек 21 ғасырдың Абайы атана ма?

    Тоқаев мораторий күшін жойса да жер шетелдіктерге сатылмайтынын айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.