Жұма, 9 Желтоқсан 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Қордайдағы жантүршігерлік автобус апатына қатысты тың дерек шықты

    Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатына кінәлі деген күдікке автобус жүргізушісі де ілікті. Ол екі айға тергеу абақтысына қамауға алынды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары айтты, деп хабарлайды Астана арнасы.

    “Сол күні оның ҚР ҚК 345 бабы, 4-ші бөлігі бойынша іс-әрекеті сараланып, аудандық соттың қаулысы негізінде 2 ай мерзімге қамаққа алынды. Яғни, көлік құралын жүргізуші адамның «екі немесе одан көп адамның өліміне ұштасқан жол қағида ережелерін бұзғаны үшін». Егер оның іс-әрекеті сотта дәлелденсе, оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолдану мүмкін”, – дейді Жамбыл облыстық полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Жарасқан Ақбердиев.

    Еске салайық, жол апаты өткен сенбі күні түңгі төрттер шамасында «Алматы-Ташкент» тасжолында болды. Әуелі «Toyotа Camry» өзімен бір бағытқа бет алған «Mersedes-Benz» жүк көлігінің артына келіп соғылады. Салдарынан жеңіл көлікте отырған 30 жастағы келіншек оқиға орнында қаза болған. Сол сәтте Шымкенттен Алматыны бетке алған автобусы жол көлік оқиғасы болған жерді айналып өтпек болып аударылып кеткен. Оқыс оқиға кезінде 12 адам көз жұмды. Қазір жеңіл көлік жүргізушілеріне қатысты да тергеу жұмыстары жүріп жатыр.   

    Похожие записи

    Қостанайда қос жасөспірім қыз елудегі әйелді сабап өлтірген

    Фариза

    Алматылық жігіт сүйіктісінен ақша алып, оны айуандықпен өлтіріп кеткен

    Сәуір айында қыс қайта оралды: Қостанайда қалың қар жауып, боран соқты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen + one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.