-6.1 C
Алматы
Воскресенье, 8 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Түркістан облысында ер азамат әйелі мен баласын пышақтап тастады

    Қазығұрт аудандық сотының тергеу судьясы өз әйелі мен ұлын пышақтаған күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

    Қанды оқиға Қазығұрт ауылында 13 сәуір күні болған.

    «Ішімдікке тойып алған күйеуі отбасымен түскі ас ішіп отырып, әйелімен жанжалдасып қалған. Ашу үстінде ол әйелінің бүйіріне пышақ тығып алған. Араша түскен ұлына да пышақ сілтеген. Ол аз болса, сыртқа қашып шыққан ұлының соңынан қуып, аулада күрекпен ұрған. Көршілері көмекке келген соң күдікті оқиға орнынан қашып кеткен», — делінген хабарламада.

    Көршілері қан жоса болған әйел мен баласын аудандық ауруханаға жеткізген.

    Полиция департаментінің мәліметінше, әйел жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Күдіктіні полицейлер сол күні құрықтаған.

    «Полицейлер күдіктіні қолға түсірді. Оған ҚР ҚК нің 99 бабы «адам өлтіру» бойынша айып тағылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», — деп хабарлады Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    қатысты посттар

    «Өзін берді ғой, адамдар үшін» Марқұм болған жүргізушінің анасы баласын кінәләмауды сұрауда

    Фариза

    Елордада мектептен өрт шығып, оқушылар эвакуацияланды

    Фариза

    Қытайда қаза тапқан Қазақстандық студенттің өліміне қатысты жаңа деректер шықты

    Пікір қалдыру

    1 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.