Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Оқиға Саясат

    Бір топ белсенді ұсталған жастарды қолдау үшін Алматы сотының алдына жиналды

    Сәуірдің 22-сі күні Нұр-Сұлтан уақытымен таңертеңгі сағат 11 шамасында Алматы қалалық соты алдына бір топ белсенді жиналып, жексенбі күні сайлауға байланысты акция өткізіп, ұсталған жастарға қолдау білдірді, деп жазады centralasian.org

    Жексенбі, 21 сәуірде «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деп айыпталған екі белсендіні сот 15 күнге қамаған еді.

    «Сот-процесінде заңбұзушылықтар болды. Хаттаманы толтырған полицей плакатта «Лидер нации — позор нации» деген сөз болған деп жазып жіберген. Судья сот кезінде плакатты көрсетуді бұйырды. Плакатты ашып қарасақ, ондай сөз жазылмаған болып шықты. Тек «шындықтан қашып құтыла алмайсың» деген жазуды көрдік. Сонда полицейлер істі қолдан жасаған ба?» деді акцияға келушілердің бірі.

    Акцияға жиналғандар «жастарды босатыңдар!», «біздің таңдауымыз бар!» деп айғайлап, ұсталған белсенділердің апелляциясын қарайтын соттан шешімнің күшін жоюды талап етті. Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сот ғимараты маңында полиция қызметкерлері көбейген.

    Жиналған азаматтар 15 күнге қамалған екі белсендінің бірі Әсия Төлесоваға шыққан сот шешімін анасымен бірге апелляцияға беруге оқталған. Бірақ белсенділердің бірі түскі сағат 12 шамасында Әсияның анасы келе алмайтынын айтып, апелляциялық шағым қаралатын күн алдын ала хабарланатынын жеткізді. Оның айтуынша, Әсия Төлесованың анасының изолятордағы қызымен кездесуі түскі сағат 12 мен 1-ге белгіленген.

    Сәуірдің 21-і күні таңертең Алматыда марафон кезінде полиция бірнеше белсендіні ұстады. Ақпарат бойынша, олар жол жиегіне «От правды не убежишь. У меня есть выбор» (Шындықтан қаша алмайсың. Менде таңдау бар) деген жазуы бар баннерлерді іліп қойған.

    қатысты посттар

    Шымкентте ауызашарға дайындық кезінде қайғылы оқиға орын алды

    Алматылық дәрігерлер Молдағасымованы сотқа беріп жатыр

    Фариза

    Шымкентте атыс ұйымдастырған бір топ адам ұсталды

    Пікір қалдыру

    16 + 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.