12 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Оқиға Саясат

    Алматыда Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың немересі қамауға алынды

    Алматыда марафон кезінде ұсталғандардың қатарында белгілі Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың шөбересі болған, деп жазады Holanews.kz порталы.

    Әсия Төлесова – 1937 жылы ұсталып, 1938 жылы репрессияның құрбандары болған ұлы ақын Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың шөбересі. Ілияс Жансүгіровтың қызы Ильфа Жансүгірова мен Ораз Жандосовтың ұлы Санжар Жандосов ерлі-зайыпты болған. Әсия Төлешова оларға немере, тиісінше Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовқа шөбере болып келеді. Ильфа мен Санжардың қызы Жанар Жандосова – Әсияның анасы.

    Ильфа Жансүгірованың Facebook парақшасында немересіне қолдау көрсеткен жазба пайда болды.


    “Қымбатты, Асенька! Ешнәрсеге қарамай мықты бол! Саған сабырлылық пен бастысы денсаулық тілеймін. Сені жақсы көреміз және түсінеміз! Сенің әжең Ильфа Ілиясқызы Жансүгірова-Жандосова. 21 сәуір 2019 жыл. Алматы”, – деп жазды ол.

    Әйгілі ақынның шөбересі «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық қорында жұмыс істейді, онда ол экологиялық және білім беру жобаларында жұмыс атқарады.

    Кеше, 21 сәуір күні өткен Алматы марафонында Бейбарыс Толымбетов, Әсия Төлесова және Сүйінбике Сүлейменова марафонға кедергі келтіргендері үшін ұсталған еді. Оларды Алматы қалалық полициясы “Шындықтан қаша аймайсың #Менің таңдауым бар #ADILSAILAYUSHIN” деп жазылған плакатпен марафонға қатысушыларға кедергі келтірді деп ұстап әкеткен. Осыдан кейін сот шешімімен Әсия Төлесовамен Бейбарыс Толымбеков 15 күнге қамауға алынған.

    қатысты посттар

    «Любители халявных денег!» Неліктен қазіргі қоғам еңбексіз «келетін» жеңіл ақшаға жүгіреді?

    Фариза

    11 мамырдан бастап мешіттер ашылады. Қандай ережелерді мұқият сақтау керек?

    Фариза

    Ақмола облысында 15 жастағы қыз өз-өзіне қол салды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.