-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Сүйгеніне қосылуға анасы қарсы болған қыздың тілі байланып қалған

    Еліміздің батыс өңірінде осыдан бірнеше жыл бұрын болған оқиға ел жадынан әлі ұмытыла қойған жоқ. Жалғыз қызын кедей жігітке тұрмысқа бермей, екі жастың махаббатына ара түскен ана өз қызының бағын байлағанына әлі күнге дейін өкінеді. Бұл жайында Nur.kz порталы хабарлайды.

    «Сәуле апайымыз (есімі өзгертілді — ред) жалғыз қызын ешкімнен кем қылмай өсірді. Әкесі жоқ болса да, Айкөркем (есімі өзгертілді — ред) әдепті, тәрбиелі қыздар қатарынан еді.

    Анасы оның білім алуына, әдемі киінуіне бар жағдайды жасады. Кішкентайынан бойжеткенге дейін баршылықта өсіп, «не ішем, не жеймін» демейтін оған біз, Айкөркемнің құрбылары, қызығатын едік. Оның сұлулығы да өз алдына бөлек әңгіме.

    Алайда, осынша әдемілік пен аста-төк өмір шын бақыттың қасында ештеңе емес екен. Сүйген жігітіне қосыла алмаған ол бүгінде ақыл-есі ауытқып кеткен жандардың қатарында», — дейді оқиғаны баяндаушы.

    Айкөркем өзінің ауылдасы -Арман атты жігітке ес-түссіз ғашық болыпты. Арманның да оған деген көңілі ерекше екен.

    Бірақ олардың шынайы әрі кіршіксіз махаббаты баянсыз аяқталған. Бойжеткеннің анасы қызын кедей жігітке беруден бас тартып, екеуінің қосылуына кедергі жасапты.«Айкөркем мен Арман махаббаттары үшін қанша күрессе де, қыздың анасы өз дегенін істеді. Жігіт жақ қанша рет құда түсіп келсе де, әулеттің жасы келген үлкендерін алдынан өтуге жіберсе де, Сәуле апай еш жібімей, айтқанынан қайтпады.

    Меніңше, ол жігіттің кедейлігіне емес, жалғыз қызының өзінен алыстайтынына қынжылған сияқты. Әйтпесе, шынайы сезімнің қасында байлық пен кедейлік дегенің не, тәйірі?!

    Ақыры, сүйгеніне қосыла алмаған Айкөркемнің құсалықтан тілі байланып қалды.

    Ал отбасы бүкіл ауыл алдында масқараға ұшыраған Арман арада бірнеше жыл өткен соң, басқа қызға үйленді. Осы кезде Айкөркемнің жағдайы мүлде қиындап, түнде дала кезіп кететінді шығарды.

    Бүгінде оның сұлулығы да, ақылы мен келбеті де түкке жарамай қалған. Кезінде талай жігітке арман болған оның анасының кесірінен осындай жағдайға душар болғаны жүректі ауыртады.

    Мұның бәрін тағдырға жауып қоямыз. Бірақ анасы қызын осы халге түсіргені үшін жанын қоярға жер табар емес. Бұл ісі өзінің өмірлік өкінішіне айналды», — дейді ол.

    қатысты посттар

    «Апаттан қашқан халық коронавирустың апанына бара жатқан жоқ па?» Мақтаарал ауданында эвакуацияланған 5400 адам коронавирустан қалай қорғанбақ?

    Фариза

    «7 жастағы бала көз жұмды»: Шымкентте көлік жүргізген жасөспірім 3 баланы қағып кетті

    Фариза

    Асқар Тұңғышбаевты №4 қалалық ауруханадағы әріптестері көздеріне жас алып қарсы алды (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.