8 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Саясат

    Тасмағамбетов президент сайлауына қатыса ма?

    Елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтетіні туралы мәлімденгеннен кейін, келесі президент кім болатыны туралы ой көпшілікті мазалап отыр. Кейбірі бұл лауазымға Ресейдегі Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағамбетов лайықты екенін айтады. Осыған қатысты пікір білдірген саясаттанушы Ислам Кураев Тасмағамбетовтың сайлауға қатысу мүмкіндігіне талдау жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

    Саясаттанушының пікірініше, бүгінде Тасмағамбетовтың сайлауға қатысатын-қатыспайтыны туралы ой көпшілікті мазалап отыр. Алайда оның президент сайлауына қатысуы Қазақстанның саяси элитасының тарапынан күтпеген қадам болады, дейді Кураев. 

    «Мұның салдары екі түрлі болуы мүмкін:

    1. Тасмағамбетовпен оның мемлекет басшысы ретінде бір мерзім отырып, артынша өкілеттігін отбасына жақындардың біріне тапсыру туралы келісу. Алайда ол мұны қалай ма? Бұл басқа мәселе.

    2. Оны ұсынады, алайда жағдай ол өзгелерге өз шешіміне ықпал ете алмайтындай болып өзгереді. Осылайша, ол билік институттарын реформалау үшін қолынан келгенін жасайды. Ол осындай жолмен кландарды алдағы уақытта ойындар құрып, қысым көрсету арқылы түрлі құрылымдарға ықпал ету мүмкіндігінен айырады», – деп жазады саясаттанушы Facebook желісінде.

    Сонымен қатар саясаттанушы бұл ретте біржақты пікір айту мүмкін еместігін жеткізді. 

    «Себебі Тасмағамбетовтың тұлғасы үйірімпаз және бедел-билігі бар. Сонымен қатар халықтың махаббатына ие», – деп жазды Кураев.

    Айта кетсек, 9 сәуірде, Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы өтетіні туралы мәлімдеді. Президент сайлауы биылғы жылдың 9 маусымында өтеді.

    қатысты посттар

    “Қытайдың биологиялық қаруы” Коронавирус Ухань лабораториясында 2018 жылы ашылған

    Фариза

    Депутат триллиондап ақша алып жатқан министрлікті сынады

    Ақтөбеде прокуратура алдында митинг болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.