Пятница, 6 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    26-қабаттан құлап түскен бүлдіршіннің жантүршігерлік видеосы

    Қытайда кішкентай қыздың 26-қабаттан құлап кеткен сәті видеоға түсіп қалған

    Қытайда 26-қабаттағы терезеден құлап кеткен бүлдіршін қыз аман қалды, деп жазады Sputnik Қазақстан The Sun басылымына сілтеме жасап.

    Басылымның жазуынша, ата-анасы ұйықтап жатқан алты жастағы қызын үйге жалғыз тастап кетеді. Оянған бүлдіршін ата-анасын іздеп, абайсызда терезеден құлап кеткен. Оның жерге қара құлдилаған сәті видеоға түсіп қалды.

    Бірақ таңғажайып кадр гараждың ішінде түсірілген – ғимарат шатыры қыздың құлау жылдамдығын азайтып, ол соның арқасында аман қалса керек. Гараждың бақылау камерасындағы жазбада сәби шатырды бұзып түсіп, біраз уақыт жерде жатады да, кейін үсті-басын қағып, ата-анасын әрі қарай іздеп кетеді.

    Бүлдіршінді тез арада Чунцин қаласындағы ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер қарап шығып, қыз баланың қолы сынғаны болмаса, басқа ешқандай зақым келмегенін айтты.

    қатысты посттар

    Гимнастка сорвалась с высоты во время выступления

    Адам толы аттракцион құлап, екіге бөлінді (видео)

    Алматыда самокат жүргізіп келе жатқан әйелді жүк көлігі қағып, мерт қылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.