22.5 C
Алматы
Четверг, 10 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    26-қабаттан құлап түскен бүлдіршіннің жантүршігерлік видеосы

    Қытайда кішкентай қыздың 26-қабаттан құлап кеткен сәті видеоға түсіп қалған

    Қытайда 26-қабаттағы терезеден құлап кеткен бүлдіршін қыз аман қалды, деп жазады Sputnik Қазақстан The Sun басылымына сілтеме жасап.

    Басылымның жазуынша, ата-анасы ұйықтап жатқан алты жастағы қызын үйге жалғыз тастап кетеді. Оянған бүлдіршін ата-анасын іздеп, абайсызда терезеден құлап кеткен. Оның жерге қара құлдилаған сәті видеоға түсіп қалды.

    Бірақ таңғажайып кадр гараждың ішінде түсірілген – ғимарат шатыры қыздың құлау жылдамдығын азайтып, ол соның арқасында аман қалса керек. Гараждың бақылау камерасындағы жазбада сәби шатырды бұзып түсіп, біраз уақыт жерде жатады да, кейін үсті-басын қағып, ата-анасын әрі қарай іздеп кетеді.

    Бүлдіршінді тез арада Чунцин қаласындағы ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер қарап шығып, қыз баланың қолы сынғаны болмаса, басқа ешқандай зақым келмегенін айтты.

    қатысты посттар

    “Денесі көгеріп кетті”: Смартфонмен ойын ойнап жатып ұйықтап қалған ер адам көз жұмды

    Қаланың қақ ортасында атыс болып, 8 адам қаза тапты

    Денесі бөлшектеліп кеткен жаяу жүргіншіні қаққан жүргізуші ұсталды (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.