Четверг, 11 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Саясат

    Президент екінші рет үйленген бе? Министр жауап берді

    Дәурен Абаев Хабар телеарнасына берген сұхбатында ҚР президентінің жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Министр Тоқаевтың ажырасқанын растап, ал екінші рет үйленбегенін айтты. 

    «Жұрттың айтып жүргені неке сақинасы емес, Қасым-Жомарт Кемелұлының мерейтойына жасалған сыйлық. Президенттің екінші әйелі жоқ», — деді Ақпарат министрі.

    Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын Қасым-Жомарт Тоқаевтың ажырасқаны туралы ресми ақпарат жарияланған болатын. Бірақ кейін президенттің неке жүзігімен түскен фотолары қызу талқыланған еді.

    қатысты посттар

    Біздің министрлер халықтың бәрін өздері секілді баршылықта тұрады деп ойлай ма?

    Тоқаев өзінің күйеу баласын жоғары лауазымды қызметке тағайындады

    Forte bank әлемнің үздік 3 банкінің қатарына кірді

    Пікір қалдыру

    1 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.