-0.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Мәдениет және шоу-бизнес Фотосурет

    Яссауи кесенесіне келушілерге 500 литр наурыз көже таратылды

    ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесін ерекше форматта атап өтті. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілерге бауырсақ және 500 литр наурыз көже дайындап таратқан қорық-музей ұжымы ата-баба әруағына арнап құран бағыштады. Жеті түрлі тағамнан дайындалған береке мен молшылықтың символы саналатын көжеден Германия, Өзбекстан елдерінен келген туристер мен еліміздің түкпір-түкпірінен келген зияратшылар дәм татып, алғыстарын білдірді.

    «Хандарымыз бен билеріміз жатқан қасиетті жерде Наурыздың ерекше лебі сезіледі. Құран бағыштап келген біз арнайы ұсынылған наурызкөжеден дәм татып, Алланың несібесі жауып жатқандай сезімге бөлендік. Еліміз аман, жұртымыз тоқшылықта болсын. Гүлденіп келе жатқан Түркістанның тамыры тереңдей берсін. Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтай отырып, өз алғысымды білдіремін!»,-деді  Алматы қаласынан келген Зарипа Қыдырова.

    ОҚО

    Мерекелік шара кесене аумағындағы Ардагерлер саябағында жалғасын тапты.  Аталар мен әжелер бір-бірімен көрісіп, Наурыз мерекесімен құттықтаса, ақ түйеге мінген Қыдыр ата ақ батасын беріп, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тіледі.

    Жуырда ғана ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Енді заман талабына сай Наурыздың форматын түбегейлі өзгерту қажет. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбие, қадір-қасиет беретін түрлері өте ерекше. Сондықтан, Наурыз мейрамына жаңа реңк беру үшін, адамның ұлтына, діни бағыныстылығына қарамастан, адамгершілік құндылықтарға мән бере отырып, Қазақстан халқы түгел қамтылатындай мазмұнын жасау керек»,- деп, Наурыз мейрамын жаңаша атап өтудің жолын көрсеткені белгілі.

    ОҚО

    Осы орайда, мерекелеудің жаңа қырына баса мән берген қорық-музей ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай «Аң стилі» атты ұлттық киім сән үлгілерін, тазы жүгіртіп, қыран баптаған қазақ саятшыларының шеруін ұйымдастырса, ұлттық аспаптармен қазақтың халық әндері орындалып, жазба ақындардың Түркістан және Ясауи тақырыбындағы өз шығармашылықтары ел ықыласына бөленді.

    ОҚО

    Сондай-ақ, белгілі айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков пен оның шәкірті Тұрар Тілеулиевтің «Наурыз» айтысы жыр сүйер көрерменге ерекше серпіліс сыйлады. Айтыс барысында хандардың есімдері, батырлардың даңқы, би-шешендердің абыройы мен сұлтандардың сара жолы өлең болып өріліп, халықтың зор қошеметіне бөленді.

    ОҚО

    Мерекелік жиын барысында шараға қатысқан әжелерге ақ орамал жабылып, балаларға арнайы сыйлықтар берілді.

    Сонымен қатар,  «Тұсау кесер» рәсімі жасалып, үш сәбидің тұсауы кесілді. Ме,рекелік жиын ұлттық спорт ойындарына ұласты. Жеңімпаздарға арнайы сый-сияпаттар берілді.

    ОҚО

    қатысты посттар

    «Масқара» Дене мүсінін көрсетіп билеген Алтынай Жорабаева халыққа жақпай қалды

    Фариза

    Қарағанды кеншілері де ереуілге шықты

    Есілдің суында 40 минут отырған тұрғынды дәрігерлер алып кетті (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.