2 C
Алматы
Четверг, 7 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Әли Оқапов Димаштың жанкүйерлерінен кешірім сұрады

    Әли Оқапов Димаштың жанкүйерлерінен кешірім сұрады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz сайты.

    «Біріншіден, Димаш туралы айтқан пікірім көңілдеріңізге тисе кешірім сұраймын. Мен Димаш немесе оның жанкүйерлері туралы жаман пікір айтқым келмеді. Менің айтқан пікірімді көпшілік дұрыс түсінбей жатыр. Мен Димашты 10 жылдан бері танимын. Ол ерекше дауыс иесі және дарынды жігіт. Бұрыннан сондай еді. Қазір мұны бүкіл әлем біледі және бұл факт. Ол жан-жақты әрі кәсіби әнші. Ал менің пікірім оның келесі жеңісі әлемдік хитті орындауы болса деген ниеттен туындаған болатын. Әрі бұл жаңа ән болса екен деймін. Димашты вокалист және әртіс ретінде бүкіл әлем мойындайды. Енді жанкүйерлер Димаштан келесі қадам жасауын күтуде. Сондықтан ол өз даусымен де, әнімен де әлемді таңғалдырса екен. Егер менің пікірім біреу-міреуді ренжіткен болса, тағы да кешірім сұраймын. Мен ешкімді сынап-мінегім келген жоқ. Тек журналистердің халыққа ақпаратты дұрыс жеткізбеуінен жапа шектім. Көптеген БАҚ-өкілдері «Оқапов Димашты сынға алды» деп ақпарат таратты. Бұл — жалған. Менің айтқан сөздерім тек жақсы ниетте айтылған еді. Біз Димашқа көптеген жеңіс тілейміз. Оған жақсы болсын деген ниетте айтылған кеңестер жанкүйерлердің ренішін тудыруы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Бірақ біз де Димаштың шығармашылығына алаңдаймыз. Бізге бәрібір емес екенін түсінсеңіздер.

    Ал бүгінгі америкалық шоуда жасаған мәлімдемесі мені де таңғалдырды. Бұл біз үшін күтпеген жайт. Себебі көпшілік бұл шоуда Димаш жеңіске жетеді деп асыға күтті. Шындығына келгенде өнерде жас айырмашылығы маңызды емес. Бұл оның таңдауы. Димаш бұл қадамға музыкант ретінде емес адамгершілігі мол адам ретінде барды. Мен келесі  «Евровидение» байқауына қатысады деп үміттенемін.

    Мен тағы да кешірім сұраймын. Арандату үшін қойылған сұраққа жауап беремін деп кінәлі болып қалдым. Менің айтқаным қате екенін білемін, алайда келешекте сіздер мені түсінесіздер деп үміттенемін. Сондай-ақ менің отбасымды, анамды және менің шығармашылығымды балағаттауды тоқтатасыздар деп сенемін. Мен қателік жасағанымды мойындаймын. Алайда мен де пендемін, менің де қателік жасайтын кездерім болады», — деп ағынан жарылды Әли Оқапов.

    қатысты посттар

    «Әркім өзінің қолынан келетін шаруамен айналысқаны дұрыс» Досхан Жолжақсынов Қыдырәлі Болманов пен Мейрамбек Бесбаевты сынға алды

    Фариза

    ТАРАЗДА «АБАЙДАН АМАНАТ» АТТЫ ОНЛАЙН КОНЦЕРТ ӨТТІ

    Фариза

    «Жиіркенемін»: Түсіпбаева марқұм Жанар Хамитоваға ән арнағандар туралы айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty + 19 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.