7 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Мәдениет және шоу-бизнес

    Өскеменде Наурыз мейрамы жаңа форматта өтеді

    Қаланың орталық алаңында үш күн бойы киіз үйлер құрылып тұрады. Өкемендіктер киіз үйлерді еркін аралап, ішіндегі бұйымдармен таныса алады. Шағын қазақ ауылында алтыбақандар орнатылып, салт-дәстүрлерді дәріптеуге арналған шаралар өткізіледі.

    Бірінші күн «Дәстүр күні» деп аталап, бұл күні ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың көріністері бар шаралар ұйымдастырылады.

    Екінші күн «Келісім күні» аталып, Қазақстанды мекендейтін этностардың мәдениетінен сыр шертетін шаралар өтеді.

    Үшінші күн, яғни «Ұлыстың ұлы күні» Наурыз мейрамының мән-мағынасын барынша ашуға арналады.

    Үш күн бойы орталық алаңда жеті қазынаны құрайтын жылқы, тазы ит, қыран бүркітпен суретке түсуге болады. Балалар мен жастар үшін алтыбақандар құрылады.

    Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Ұлыстың ұлы күнін атап өту бойынша арнайы кеңес өткізіп, іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.

    Мейрамның негізгі күнінде орталық алаңда Елбасының мақаласына сай, Ұлы даланың 7 қырын ашып көрсететін 7 киіз үй құрылады. Атап өтерлігі, киіз үйлердің барлығы есіктерін айқара ашып, этнографиялық көрме форматында жұмыс істейтін болады.

    Қала басшысы кеңеске қатысқан кәсіпкерлерді өз нысандарына мерекелік безендіру жүргізіп, Наурыз мейрамына орай жеңілдіктер жасауға шақырды.

    Бизнес құрылымдарын ынталандыру мақсатында қалалық әкімдік үздік мерекелік безендірілген нысандардың арасында байқау жарияланып отыр.

    қатысты посттар

    “Жаңа Президент Тоқаевтың осындай жаңалықтарына қуанбағанда не істейсің?”

    Фариза

    Екібастұздағы маугли-балалар оқиғасына байланысты 20-ға жуық адам жазаланды

    Фариза

    СҚО-да дәрігерлер адам өлімін жасырып қалған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.