6 C
Алматы
Среда, 6 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Каспийде жүздеген шаяндар жағалауға шығып қалған

    Ақтау қаласы Солдат ауданының жағалауына жүздеген шаяндар шығып қалған деп хабарлайды inAktau.kz

    Бұл жағдай 2019 жылдың 11 наурыз күні таңертеңгі уақытта орын алған. Маңғыстау облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының балық аулау бөлімінің бастығы Адисал Шихметовтың айтуынша, бұл құбылыс дауылды ауа-райына байланысты болған.

    «Ауа-райының қолайсыздығына байланысты теңіз щаяндарды жағаға шығарып тастаған.  Бұл қалыпты құбылыс және олар суға қайта оралады», — деді балық шаруашылығы басқармасының бастығы.

    Сондай-ақ, ол  2019 жылдың 1 сәуірінен  бастап 15 маусымға дейінгі кезеңде бұл аймаққа қазіргі уақытта балықтардың  уылдырық шашатын мезгілі екенін ескере отырып, теңіз балықтарын ұстауға тыйым салды. Құқық бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабының 3-бөлігі бойынша (балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу)  50 500 теңге (20 АЕК) көлемінде айыппұл салынатындығын ескерте кетті.

    қатысты посттар

    Кара шанырак ҚазҰУ-ға 85 жыл

    Фариза

    Биыл пітір садақаның мөлшері қанша? — Бас мүфти үндеу жасады

    Мүфтият оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді (видео)

    Пікір қалдыру

    1 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.