Қазақстанды әлемге танытқан өзін «қазақпын» дейтін нағыз патриот Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен үшінші кездесу өткізуге дайын. Бірақ қарсыласына ультиматум қоймақшы.
Журналист Фил Джейдің айтуына қарағанда, Головкин өзін «жеңілдім» деп санамайды және Канело тартып алған белбеулерді қайтаруды жоспарлаған екен.
Қос боксшының өкілдері келіссөздерді бір кездескеннен-ақ шешіп тастамайтыны айдан анық. Себебі, Головкин жекпе-жекті Лас-Вегастан басқа жерде ұйымдастыруды талап етіп отыр.
Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Техас штатында да жекпе-жек ұйымдастыруға болады екен. Қос боксшының кездесуіне Еуропа елдерінің бірінде жабылатын шатыры бар футбол стадион да лайықты болуы мүмкін.
Басылым мәліметінше, GGG DAZN стримингтік сервисімен келісімшарт туралы келісімге келген. Ол туралы келесі аптаның басында ресми түрде жарияланатын болады.
Головкин рингке мамыр немесе маусым айында қайта оралады деп күтіледі. Ал келісімшартта кем дегенде екі жекпе-жек өткізеді делінген. Бірақ алдағы уақытта бес немесе алты жекпе-жекке дейін артуы мүмкін. Ол қазан айында бес жыл бойы 11 жекпе-жекте қызмет көрсету келісімшартына қол қойған болатын.
Еске сала кетсек, YouTube-тағы Counter Punch Boxing каналының авторы нақты дереккөзге сүйене отырып, қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикандық Сауль «Канело» Альварес үшінші кездесу туралы келісімге келді деген еді.
Автордың ақпаратына сүйенсек, ол кездесу 2019 жылдың қыркүйек айында Махиконың «Ацтека» стадионында өтеді.
«Әрине, оған дейін бәрі күрт өзгеруі мүмкін. себебі, бұл — бокс. Головкин жеңілуі мүмкін, ол «Канелоға» да қатысты жорамал. Бірақ дәл қазіргі жағдай мынандай: Геннадий DAZN-бен келісімшартқа қол қойды және қыркүйекте «Канеломен» жекпе-жекке шығады. Сондықтан, бір шайқас болары анық.
Егер бұл ақпаратты нақты қандай дереккөзден алғанымды айтсам, сөзсіз, сөзіме сенетін боласыздар. Бұл – нағыз сенімді дереккөз. Мұны айтқан адам дәл сол жекпе-жекке қатысы бар, сол шайқаста қызмет атқаратын адам. Сондықтан, бұл ақпаратқа еш күмән болмасын» — деп сөзіне сендіргісі келді автор.