20 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қала әкімдерінің рейтингінде үздік үштікке кімдер кірді?

    Жылдың басы әкімдер үшін, әсіресе қала әкімдері үшін үлкен сынақ болды. Өйткені, уақытша тіркеу туралы заңға көпшілік қарсы шығып, түсіндіру жұмыстарымен бірге Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) жұмысын жетілдіру бірінші кезекте тұрды. Бұл заң нормасы негізінен қала тұрғындарына қатысты болғандықтан, жұмысқа жегілгендердің арасында қала әкімдері де жүрді.

    Қала әкімдерінің жүйелі жұмыстары, ақпараттық белсенділігі, перспективасы және олардың жұмысы туралы негативтер мен оң бағыттағы мақалалар бағалаудың негізгі критериі ретінде қаралды. Осылайша «үздік бестік», «орта бестік» және «аутсайдер бестік» деген бағалаумен 15 қала әкімінің қаңтар айындағы көрсеткіштеріне тоқталайық.

    Үздік үштік

    3. Календеров Нұржан Сәбитұлы, ТАРАЗ қаласы

    Нұржан Календеровтың Тараз қаласының әкімі болғанына тура үш жыл болды. Үш жыл ішінде ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс жасады. 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейлі той Жамбыл облысы мен Тараз қаласында өтті. Бұл қала әкіміне жүктелген үлкен жауапкершілік болатын.  «Күн отырмады, түн ұйықтамады». Қаланы көркейту жұмыстарын, мыңдаған мейманды бір мезетте қабылдау үшін шаһарды дайын қылды. Нұржан Календеров кез-келген шараға ерте қамданатын, қыстың қамын жаз ойлайтын қала басшыларының бірі. Тараз қаласының әр жыл сайын су тасқыны қаупі болуы мүмкін деп алаңдайтыны бар. Биыл қардың аз түскеніне, су тасқыны болу қаупі аз болғанына қарамастан, дайындықты қаңтарда бастап кетті. Төтенше жағдайға байланысты кешенді дайындық шараларын жиі-жиі ұйымдастырып, Тараз қаласының халқы мен нысандары барлық жағдайға дайын болу қажет деп тапты.

    2. Әубәкіров Нұрлан Ерікбайұлы, ҚАРАҒАНДЫ қаласы

    Нұрлан Әубәкіров үшін жыл позитивті нотада басталды. Қалада жылы аялдамаларды пайдалануға беруді бастады. Демеушілерді Алматыдан тауып, адам аяғы үзілмейтін көшелерге жылы аялдамалар қондырды. Жыл басында жаңа орынбасарын тағайындады. Биыл Нұрлан Ерікбайұлының Қарағанды қаласының әкімі болып отырғанына үш жыл толады. Толысты, тәжірибе жинады. Уақытша тіркеу туралы жағдайға байланысты алғаш болып қимылдаған, түсіндіру жұмыстарымен бірге жеңілдету жұмыстарын қолға алған әкімдердің бірі. Қарағанды қаласы әкімдігінің ресми сайтына кірсеңіз, әкімнің жеке блогына келіп түскен жауаптарға дер кезінде жауап беріп, уақытында құлақ асып отыратынын байқайсыз.

    Қала әкімі мұқтаж жандарға қан тапсырып, басқаларға үлгі болды. Бұл игі бастаманы әкімшіліктің басқа да қызметкерлері жалғастырды.

    1. Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы, ШЫМКЕНТ қаласы

    Шымкент қаласының әкімі қызметіне кіріскен күннен бастап белсенділігін төмендеткен жоқ. «Шымкент әкімі уақытша тіркеу мәселесін 50-ақ секундта түсіндіріп берді» деген ақпарат барлық сайттарда, барлық баспасөз беттерінде тарады. Тіпті, қала әкімінің түсіндіру жұмысына қатысты видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, тек қала халқының емес, күллі республика жұртының оң бағасын алды. Қаңтар айының соңында Шымкентте алғаш рет Қазақстан-Түркия бірлесіп өткізген инвестициялық форум 3 күнге созылып, шараға 200-ге жуық түркиялық делегаттар мен қазақстандық 300 кәсіпкер қатысты. Шара барысында 5 меморандумға қол қойылып, оңстүстік өңірдегі инвестициялық климаттың оң бетбұрыс жасауына атсалысты. Бұл облыс әкімдігінің деңгейінде өткен шара болғанмен, форумды қалада абыройлы өткізу қала әкімдеріне де жүктелді.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысы Талас ауданында 146 мың тоннаға жуық мал азығы дайындалды

    Фариза

    Шығыс Қазақстан соя мен жүгеріні ҚХР-ға экспорттайды

    ТАРАЗДА «АБАЙДАН АМАНАТ» АТТЫ ОНЛАЙН КОНЦЕРТ ӨТТІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.