1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Абай аулындағы зорланған баланың әжесін өлтіремін деп қорқытқан: қысым көрсеткен әйел қалай жазаланды?

    Түркістан облысы Абай аулында немересі зорланған кейуананы сотталып кеткен жігіттің туыстары мазалап жүргені туралы ақпарат шыққан. Желіде оның видеосы да тараған болатын. Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл видеоға қатысты түсінік берді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Ведомство өкілдерінің айтуынша, видеодағы оқиға 2019 жылы болған.

    «Құқықбұзушы келестік әйелдің әрекетіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша іс-құжаттар жинақталып, әкімшілік сотқа жолданған. Нәтижесінде сот теріс қылық жасаған азаматшаны кінәлі деп танып, оған 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салған«, — деді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

    Сонымен қатар, баланың әжесі таяуда бұл жағдай бойынша тағы да арызданған. Бірақ ол кезде кейуананы сотталған баланың анасы мазалағаны расталмаған.   

    «Жергілікті тұрғын Келес аудандық полиция бөліміне арызданып, сотталған баланың анасы мазалап, қорқытатынын айтқан. Полиция қызметкерлері арызды бірден тіркеп, тексеріс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде арызда көрсетілген жайттар расталмады. Учаскелік инспекторлар тұрғындар арасында сұрастыру жұмыстары жүргізген уақытта, көршілері әйелдердің арасында болған ешқандай дау-жанжал туралы білмейтінін және естімегенін айтып өткен. Сондай-ақ, сотталған баланың анасы өз тұрғылықты мекенжайынан басқа аймаққа қоныс аударғаны белгілі болды», — деді полициядағылар.

    қатысты посттар

    Енді тойханаларды казинолар сияқты құрту керек

    Фариза

    ІІМ: Қазақстанда мекен-жай туралы анықтамасын беру тоқтатылады

    Фариза

    Алматыда 1276 көп балалы отбасы пәтерге кезекте тұр

    Пікір қалдыру

    12 − eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.