-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    2 жылға жуық кінәсіз қамауда отырған полиция қызметкерінің антикорға қарсы жазған арызын сот қабылдамай қойды

    Антикор қызметкерлері полиция қызметкерін мүгедек адамнан ақша алды деп айып тағып, уақыт өте келе оған бұл істі арнайы ұйымдастырғанын мойындаған. Оқиға 2019 жылдың мамыр айында орын алған болатын. Дәл сол уақытта полиция қызметкерлерінің кінәсіздігі анықталса да, сотталушы тек 1жыл 8 ай айдан кейін ғана бостандыққа шығып отыр. Баласының жазықсыз жабылып кетуінен қорқып, әділдік іздеген әке осыдан 10 ай бұрын біздің редакциямызға хабарласып, халық болып бірге Антикор қызметкерлерінің себебінен туындаған бұл әділетсіздікпен күресуге шақырып,  өтініш жасаған болатын. Ал бүгін бостандыққа шыққан осы оқиғаның басты кейіпкері Бағлан Ереханұлы аталған іске байланысты кінәлілердің жазаға тартылуын талап етуде. Осы мәселеге байланысты Qazweek.kz ақпарат агенттігінің журналисі Бағлан Ереханұлының өзімен тілдесті.

    Оқиға қалай басталды?

    16 қараша 2020 жылы Алматы қаласының Түрксіб ауданының судьясы  А.С.Жылқыбаева қылмыстық іс бойынша шығарылған үкімімен   Бағлан Ереханұлы ҚР ҚК-нің 24-бабының 3 бөлігі, 190 бабының 23-ші бөлігі 2 тармағымен кінәлі деп танылып, осы бабпен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің  қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеуге шешім шығарған.

    Алғашқыда мүгедек адамнан ақша алды деп айыптаған. Дегенмен, тергеу барысында арызданушының өзі Бағлан Ереханұлын мүлде көрмеген, танымайтын болып шығады. Тіпті, тергеу ісіне байланысты жіберілген видеолардың бірінде антикор қызметкерінің арызданушының әйелімен сыбырласып тұрған сәті де түсіп қалған. Ал сот барысында, арызданушыны мүлде сөйлей алмайды деген анықтама алдырып, әйелі екеуін сот ісіне қатыстырмай қойған. Сонымен қатар, арызданушының ақыл-есі дұрыс емес деген анықтамасы да болған. Заң бойынша есі дұрыс емес адамнан арыз алмайтындығын ескермеген секілді антикор қызметкерлері. Сот Бағлан Ереханұлы кінәсін мойындамағаннан кейін, оның үстінен алаятық жасады деп қайтадан қылмыстық іс қозғап, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған. Осыдан кейін сотталушының туыстары істі аппелицияға берген. Дегенмен, сот барысында антикор қызметкерлері Бағлан Ереханұлының кінәсі жоқ екендігін, оған бұл істі арнайы ұйымдастырғанын мойындайды. Антикор қызметкерлері мойындаса да, сот Бағлан Ереханұлына 3 жыл 6 ай мерзім беріп, оны тергеу бөлімінде ұстаған.

    Антикор қызметкерлері мен полиция қызметкері Бағлан Ереханұлының арасындағы кикілжің, негізінен, 2017 жылдан басталған. Сол уақыттан бері олар Бағланды ұстап, түрмеге жабудың әрекетіне кіріскен екен. (Кикілжіңге байланысты оқиғаны сілтеме арқылы кіріп оқи аласыз).

    Тек 1 жыл 8 айын қамауда күнін өткергеннен кейін ғана Бағлан Ереханұлының бостандыққа шығып отыр. Арызданушы соттан қағазын қайтарып алып, бұл әрекетті оған күштеп орындатқызғанын жеткізіпті. Тіпті, Бағланның өзі мен оның әкесінен кешірім сұраған. Егер де, тағы да тергеу ісі болған жағдайда арызданушы сотқа барып Бағланның кінәсі жоқ екендігін айтуға дайынмын деп отыр.

    Әділдіктің орнап, жазықсыз адамның бостандыққа шыққандығы, әрине, қуантады. Дегенмен, тергеуде өткен 1 жыл 8 ай, жазықсыз жала бүтін бір отбасыны сергелдеңге салғаны анық. Жазықсыз жаланы мойнына іліп, бас бостандығынан айыруға, өмір бойына қызметінен айыруға шешім шығарғызуға  дейін баруға итермелеген кінәлі жазасын алса дейді біздің редакциямызға әділдік іздеп хабарласқан Бағлан Ереханұлы. Неге екені белгісіз, осы іске байланысты сотқа арызданғанымен, Бағланның арызын сот қабылдамай қойыпты. Енді ол көпшіліктен көмек сұрап,  әділдік іздеуде.

    Арызданушының антикор қызметкерлері қинап арыз жаздырғандығы туралы видеоларды төменнен көре аласыз:

    Фариза Жомартқызы

    қатысты посттар

    Ақтөбе облысында әйелі мен енесін пышақтап қашып кеткен күдіктіге іздеу салынуда

    Фариза

    «Халық бізге сенім артып, өз таңдауын жасады…» — Тоқаевтың сайлаудан кейінгі мәлімдемесі

    Көпбалалы аналардың жәрдемақысы қысқарады – рас па?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.