37.4 C
Алматы
Воскресенье, 27 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Павлодар облысында әйелін өртеп жіберген ер адам қамауға алынды

    Павлодар облысында жанжал кезінде әйелін өртеп жіберген тұрғын қамауға алынды. Ер адам 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Полиция мәліметінше, соталды тергеу аса ауыр бап бойынша басталған.

    34 жастағы жәбірленуші бір аптадан аса уақыт реанимацияда жатты. Дәрігерлер әйелді құтқарып қалуға қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ аман алып қала алмады.

    Өкінішке қарай, 17 тамызда жәбірленуші алған жарақаттарынан қайтыс болды. Осыған байланысты, соталды тергеу ҚР ҚК-ның 107-бабынан 106-бабының 3-бөлігіне қайта сараланды.

    Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деді Жасқайрат Қайыров. Осы баптың санкциясы 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

    Еске салайық, 9 тамызда ерлі-зайыпты арасындағы жанжал басталған. Күйеуі мас күйінде көлігімен кетуге тырысқанда әйелі оны тоқтатпақ болған. Жанжал барысында күйеуі тоңазытқыштан спирт алып жұбайына құйып, от жағып жіберген. Әйел 17 тамызда түстен кейін қайтыс болған.

    қатысты посттар

    Бір өзі 10 жігітті құлататындай мықты болған Дулат Ағаділ жүрек талмасынан қаза тапты дегенге сену қиын (видео)

    Ақтауда СОБР халық жағына өтіп кетті

    Фариза

    49 адамды өлтірген экстремистің желідегі соңғы жазбасы

    Пікір қалдыру

    2 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.