4.5 C
Алматы
Пятница, 6 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • ЖаңалықтарЖемқорлықКарантинКоронавирус

    Жыл басынан бері вакцина паспортын сату мен ПТР-тестті қолдан жасауға қатысты 65 қылмыстық іс қозғалған – ІІМ

    Жыл басталғалы бері қазақстандық полицейлер коронавирусқа қарсы вакцинаның паспортын сату мен ПТР-тест нәтижелерін қолдау жасаудың ондаған дерегін анықтап, 65 қылмыстық іс қозғаған деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq.ryhy порталына сілтеме жасап.

    Еске салайық, жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вакцина паспортын сату деректері тіркеліп жатқанын айтып, мұндай дәрігерлерді қатаң жазалауды тапсырған еді. Сондай-ақ, ПТР-тест нәтижелерін қолдан жасау жағдайларына да тоқтау салуды міндеттеген.

    «Тергеу бөлімшелерінің өндірісінде ПТР-тестілерді қолдан жасау, дайындау немесе өткізу бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша 42 қылмыстық іс болды (ҚК 385-бабы 1-бөлігі-23, 2-бөлігі-3, 3-бөлігі-16), оның ішінде 39-ы ағымдағы жылы тіркелген. Вакцинация паспорттарын қолдан жасау фактілері бойынша ағымдағы жылы 23 қылмыстық іс тіркелді, тергеу жалғасуда», — делінген ІІМ-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

    Қолдан жасалған құжаттардың саны және әрбір іс бойынша заңға қайшы әрекеттерге қатысушылардың саны да әр түрлі. Бұлар тергеу нәтижелері бойынша нақтыланатын болады.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Ел президенті коронавирустан көз жұмды

    Фариза

    Қызылорда облысында қоғамдық ұйымдардың саны артып келеді

    Фариза

    Қызылордада қоғамдық көліктер үшін жолақысы бұрынғы бағада қалатын болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.