-0.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Экология министрі жұрттан Көбейтұзға баруды қысқартуды сұрады

    Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев қазақстандықтарға Ақмола облысында орналасқан Көбейтұз көліне түспеуді сұрады. Ол одан қауіпті заттар табылғанын атап өтті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Өткен жылы әкімдік көл суы мен тұзына талдау жасап, көңіл көншітпейтін қорытынды алды. Судағы тұздар құрамында ауыр металдар өте көп болып шықты. Көпшіліктен Көбейтұзға баруды қысқартуды сұраймын, — деді министр.

    Мырзағалиев Көбейтұз адам денсаулығы үшін қауіпті еместігін атап өтті.

    Ерекше қорғалатын аумаққа келетін болсақ, бұл жергілікті атқарушы органның құзыретіне жатады, ол облыс аумағында орналасқан. Біз оны жергілікті режимдегі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналдыруды ұсындық, бірақ осындай зертханалық нәтижелер алынғандығына байланысты қазір әкімдік бұл мәселені зерттеуді ары қарай жалғастыруға құлықты. Алдағы бір-екі күнде облыс әкімімен сөйлесіп, осы мәселе бойынша жаңа ақпарат жариялауға уәде беремін, — деді министр.

    қатысты посттар

    М.Тазабек «Асыл арнаны» жауып, орнына «ТәлімТВ» ашпақ

    Фариза

    Қазақстандық қызды зорлады деген ресейліктер айыпталуда

    Сабыржан Кеңшілік: Тәуелсіз Қазақстанның бағдаршамы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.