4 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Коронавирусқа қарсы жыл сайын жаңа вакцина алып отыру керек – маман


    Коронавирусқа қарсы жыл сайын жаңа вакцина алып отыру керек. Бұл туралы С.Д. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетінің жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Равиля Егембердиева онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

    Оның айтуынша, коронавирус жылдам мутацияланып жатыр. Соған байланысты жаңа екпелер жасалып отыруы керек.

    «Коронавируспен ауырған адамда 2-8 айға дейін жететін антидене түзілетіні айтылып жатыр. Ал вакцина алғандарда антидене 6 айдан 1 жылға дейін жетеді. Вакцинаны салғанда адам ағзасы ол вируспен танысады және оған қарсы антидене түзіп, қорғаныш қабілеті пайда болады. Кейін вирус жұққанда ол қорғаныш жасушалары бірден оған шабуыл жасап, оған қарсы тұрады. Немесе ауыру жеңіл өтеді. Алайда коронавирус мутацияланып, жаңа штамдары пайда болып жатыр. Бұрынғы антиденелер оған қарсы тұра алмайды. Ол үшін жыл сайын жаңа штамға қарсы тұратын вакцина жасау керек», — дейді ол.

    Сонымен қатар, ол вирусқа қарсы иммунитет қанша уақытқа дейін сақталатынын дөп басып айту қиын екенін жеткізді.

    «Ұжымдық иммунитет қалыптасса, инфекция өздігінен жоғалады деу қате. Вирус бәрібір арамызда қалады. Тек жеңіл өтіп және өлімге әкелмеуі мүмкін. Қазір мамандардың ешқайсысы вирусқа қарсы иммунитет қанша уақытқа дейін сақталатынын дөп басып айта алмайды. Сондықтан қосымша вакцина қажет болады», — деді Равиля Егембердиева.

    Спикердің пікірінше, вирустардың мутациялануы табиғи құбылыс, жер шарындағы барлық тірі ағзаның жетілуінде болатын жағдай.

    «Вирустар өздігінен тіршілік ете алмайды, ары қарай өмір сүру үшін қожайынның ағзасы керек. Сондықтан олар әрдайым эволюциялық әсерге ие. Адамның иммундық жүйесі қоздырғыштарға қарсы күресте түрлі әдіске барады. Қожайын ағзасының вирустарға қарсы тұратын басты әдісі антидене түзу. Антидене адам ағзасындағы жасушаларды вирустың еніп кетпеуінен қорғайды. Олар қандай да бір вирус штамының еніп кетпеуіне қорған болады», — дейді профессор.



    қатысты посттар

    Құрманың ағзаға тигізер пайдасы мен шипалық қасиеттері

    «Ашуланшақтар инсультке жиі шалдығады»: Ғалымдар маңызды мәлімдеме жасады

    Фариза

    Қытайдағы вирус: концлагерьдегі мұсылмандар жаппай қырылуы мүмкін

    Пікір қалдыру

    twelve − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.