-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Педагогті жұмысқа қабылдау туралы шешімді көпшілік қабылдайды – Асхат Аймағамбетов

    Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Сенат қабырғасында мақұлданған заң жобасындағы нормалардың тәртібі жайында фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараь агенттігі Azattyq-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    «Ол құжатта, менің ойымша, сала мамандары үшін аса маңызды болып табылатын екі ерекше норма бар. Біріншісі — педагогтерге қатысты. Енді мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі. Яғни мұғалімді жұмысқа қабылдауға қатысты шешім тек директорларға тәуелді болмайды. Қазіргі таңда педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша қолданыстағы жүйе ашықтық қағидаттарына толығымен сай деп айтуға келмейді, сәйкесінше сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол берілуі мүмкін. Мәселен, кейбір өңірлерде бір пән бойынша бір ставканы төрт мұғалімге бөліп береді. Бұл өз кезегінде білім беру сапасына кері әсер етеді», — деді Аймағамбетов.

    Министрдің сөзіне сенсек, ережеде конкурстық іріктеудің нақты қағидалары бекітілген. Сондай-ақ, бұл жұмыс цифрлық технологиялардың көмегімен автоматтандырылған. Яғни бұдан былай, педагогті жұмысқа қабылдау туралы шешімді бір адам емес, көпшілік қабылдайды. Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов мемлекеттік білім беру мекемесі басшыларының ротациядан өтетінін мәлімдеді.

    «Бұған дейін білім беру саласында ротациялау тәртібін қолдану мүмкін болмады. Тіпті мемлекеттік ұйымдардағы басшылардың басым бөлігімен мерзімсіз еңбек шарты жасалған, сәйкесінше көбі лауазымдық қызметті жылдар бойы атқарады. Дегенмен олардың арасында ұйымдағы жұмысты жақсарту үшін бар күшін, ынта-жігерін салып еңбек етіп жатқан білікті басшылардың да бар екені жасырын емес. Тек жылдар бойы бір орында жұмыс істесе де тиімділігін жоғалтпағандар санаулы», — деп жазды ведомство басшысы.

    Аймағамбетов Білім беру ұйымдары басшыларының қызметтік мансабындағы ынта-жігеріне де қатысты пікірін жазып, ротациялық міндетті қай орган іске асыратынын хабарлады.

    «Кейбір жағдайларда жұмысқа деген ынтаның төмендеуі, мотивацияның жоғалуы немесе сол ұйымдағы басқа мамандардың да қызметтік өсуге деген ниеті болуы – заңды ұғым. Яғни басшылардың жылдар бойы бір лауазымда отыруының өз артықшылықтары да бар, кемшіліктері де көрініс тауып жатады. Жалпы басшыларды орындарымен ауыстыру үздік тәжірибені басқа да ұйымдарға енгізуге ықпал етеді. Ротацияны министрлік әзірлеген қағидалар бойынша білім басқармалары жүргізетін болады», — деп жазды Асхат аймағамбетов.

    қатысты посттар

    Қызылордада орман алқабын қорғау мақсатында жол картасы әзірленді

    Фариза

    Арал ауданының аумағында геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі

    Фариза

    Кәмелет жасқа толмаған қызын 4 жыл бойы зорлап келген «намазхан» жихад жасауға дайындалған

    Пікір қалдыру

    7 + seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.