-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда: Жаңақорған ауданындағы 30-ға жуық елді мекенге су жүйесі тартылады

    Биыл Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Талап және Сырдария топтық су құбырының құрылысы жүргізілуде. Жоба аясында 28 елді мекенде тұратын 38 мың тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

    Бүгінде Көктөбе, Қандөз, Қашқанкөл, Қаратөбе, Келінтөбе, Аққорған, Қожакент, Өзгент, Ақсуат, М.Нәлібаев, Жаңарық, Қыркеңсе ауылында су жүйесі орнатылды. Қазір халық игілігін көруде. Ал қараша айында Байкенже және Билібайда ауылдарында қосылады. Темір жол бойында орналасқан Бесарық, Талап, Аққұм бекетіне және Кейден елді мекеніне су құбыры жыл соңына дейін орнатылады. Сонымен қатар, қалған тау беткейде орналасқан елді мекендер су жүйесіне 2021 жылы қосылады.

    Айта кетейік, «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы шеңберінде аудан орталығында орналасқан тұрғын үйлерге су құбырын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 494,3 миллион теңге бөлініп, су жүйесі жыл соңына дейін іске қосылады.

    қатысты посттар

    Айбек араға апта салып бозкілемге қайта шығады

    Жамбылда тіл жанашырлары марапатталды

    Фариза

    «Рахат-Шымкент» фабрикасы жаңа желісін іске қосты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.