4 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    3 жасар қызды анасы қарызының орнына тастап кеткен (видео)

    Жезқазғандық әйел қарыздан құтылу үшін қызылордалық отбасыға 3 жасар қызын уақытша берген. Ақшаны әкеліп беріп, қызымды алып кетем деген ана хабарсыз қалады. Ал әкесі отбасын оған дейін тастап кеткен. 28 жыл бұрынғы қиындыққа толы балалық шағы жайлы Мереке Тауманова Еуразия бірінші арнасындағы «Пендеміз ғой» ток-шоуында баяндады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Kznews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Кетерімде емізулі інім бесікте жатқаны көз алдымда. Мені көлікке мінгізіп жатқаны есімде. Ұйықтап кетіп, бір оянсам, жолда келе жатыр екенбіз», – деп өткенді еске алды кейіпкер.

    Кішкентай қыз жаңа отбасында 1 жарым жыл тұрады. Жейтін ас таппай, көршілерден нан сұрап, көшеде қаңғырып кететін күндері көп болған. Көршілері милиция шақырып, қыз балалар үйіне аттанады. «Үлкен апайлар ер балаларға мына бала, мына бала деп тапсырып кететін. Содан таяқ жейтінбіз. Таяқ жемеу үшін екі күн демалыста апайларға көмектесіп, үйлеріне еріп кетуге тырысатынмын.

    Жетімдер үйіндегі балалардың бәрі жетім емес. Жағдайы жоқ ата-аналар балаларын уақытша тапсырады. Олар айлық алғанда балаларына келіп, тәтті әкеп беретін. Сондай кезде маған неге келмейді деп жылайтынмын. Мектеп бітіргенше тәтті жемедім. Бірақ 8-9 сынып оқып жүргенде, мектептің маңайындағы үйлерді жинап, ақша тауып, магазиннен барып, барлық тәттіні алғанмын», – дейді Мереке.

    Тағдырға мойымаған қайсар қыз жоғары оқу орнын тәмамдап, бүгінде өз алдына отбасын құрған. Бүгінде төрт баланың анасы жан жарымен, ата-енесімен ел қатарлы өмір сүріп жатыр.

    қатысты посттар

    Ақтөбеде 16 жастағы оқушы анасын өлтірді деген күдікке ілінді

    Фариза

    «Неше бала дүниеге әкелдіңіз, нешеуі тірі». Бюро басшысы бұл сұрақтың санаққа неге қосылғанын түсіндірді

    Фариза

    Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen + 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.