-2.1 C
Алматы
Пятница, 15 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысына 271 млрд теңге инвестиция алып келу жоспарлануда

    Коронавирустың экономикаға әсері болса, екінші жағынан биыл мұнай, жер асты қазба байлықтарының бағасы да төмендеп кетті. Қызылорда облысын алсақ мұнай мен уран – басты қазбалардың, өндірістің бірі. Соңғы жылдары осы өндірістің төмендеуі байқалады. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бүгінгі «Qazaqstan» ұлттық арнасының «Apta.kz» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.

    «2011 жылы Қызылорда облысында 11 млн тонна мұнай өндірілсе, былтыр 5,6 млн тонна ғана өндіріліпті. Ал, биыл бар болғаны 4,2 млн тонна өндіріледі деп отырмыз. Ашығын айту керек, басқа да көрсеткішіміздің төмендеу қарқыны байқалады. Ол – инвестиция, инвестор тарту мәселесі. Биыл 230 млрд-тай инвестиция тартамыз деп отырмыз, бірақ, ол өткен жылғыдан төмен. Бұл жерде де обьективті факторлар бар. Былтыр ауқымды республикалық жобалар болды. Мысалы, «Сарыарқа» газ құбыры, екі газ станциясы, сонымен бірге, күн жылу электр станциясы салынды. Енді біз осы жыл мен келесі жыл үшін қатар жұмыс істеудеміз. Пандемия кезінде, қарым-қатынас азайып, тіпті, бір облыстан екінші облысқа қатынау қиын болған кезде көптеген мәселелерді өз өңірімізде, облыста шешу керек екенін түсіндік. Ауқымды талдау жасадық, экономиканың 24 бағыттағы саласы бойынша зерттелді, әлеуметтік жағдай сарапталды. Зерттеулер бойынша, ең қажет деген азық-түліктің 70-і, азық-түлік емес тауарлардың 35-і сырттан әкелінеді екен. Осы себепті, ойлана келе, өзіміздің экономикалық картамызды жасадық. Бұған «Атамекен» палатасы да қатысты. Осы жергілікті жердегі республикалық палатамен бірге пилоттық ретінде қарадық. Сонымен, қазіргі кезде 265 жобаны дайындап қойдық. Бұл жобалар 271 млрд теңге инвестиция алып келеді деп отырмыз», – дейді Гүлшара Наушақызы. 

    қатысты посттар

    Ауруға ем, сауға қуат — бал қымыз!

    Б. Сапарбаев: «Баға бақылауда болуы тиіс»

    Фариза

    Таразда 57 үй жаңғыртудан өтуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.