18 C
Алматы
Жұма, 17 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қашықтан оқыту: Қызылорда облысына 5 мың электронды құрылғы жеткізілді

    Қашықтан оқытуға қажет электронды құрылғылар үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, Қызылорда облысына 22 мың компьютерлік техника алынады.

    Қыркүйек айының алғашқы аптасында 1500 дана компьютерлік құрылғы жеткізілді. Бұл техникалар аз қамтылған, көп балалы отбасы балалары мен ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға таратылып берілуде.

    Айта кетейік, бұл құрылғылар қайтарымды түрде, оқушыларға уақытша беріледі. Қашықтан оқыту аяқталған сәтте электронды техникалар мектеп балансына өтеді. Ал, өткен аптада тағы 5000 дана компьютерлік құрылғылар жеткізіліп, қазірде мектептерге таратылуда. Оның 700 данасы компьютер, 4300 данасы планшет. Қалған компьютерлік құрылғылар қазан айының аяғына дейін кезең-кезеңімен жеткізіледі.

    қатысты посттар

    Елімізде аза тұту күні белгіленді. Тәуелсіз Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні неше рет болған?. Бұл жолы көк байрағымыз қатерлі індеттін көз жұмған отандастар құрметіне түсіріледі.

    Фариза

    Мәдениет күндері: Көшпенділер ізімен Тараздан Түркістанға

    Фариза

    Шымкент: Жарақат алғандар мен қайтыс болғандар жоқ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.