28.5 C
Алматы
Вторник, 29 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте «малахит» платформасы іске қосылды

    Шымкент қаласында осы жылы  мүмкіндігі шектеулібалаларды қоғамға бейімдеу, білім беру бойынша жүйелі шаралар қабылданған.

    Бұл жөнінде толығырақ Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Шымкент — адалдық алаңы» жобасы ANTIKOR LIVE тікелей эфирінде айтты.

    -​Биыл мүмкіндігі шектеулі балалардың кедергісіз білімалуын қамтамасыз ету мақсатында «МАЛАХИТ арнайыбілім беру ұйымдарының қызметтері» платформасын  іскеқостық. Онда арнайы білім беру ұйымдары көрсететін қызметтерді кедергісіз алуға мүмкіндік жасалған, — дедіМұрат Дүйсенбекұлы.

    Сонымен қатар, ол техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жолға қою, сұранысы жоғары мамандықтардың тізбесін қалыптастырып, олардың экономиканың қозғаушы күші ретіндегі рөлін жоғарылату мақсатында атқарылған жұмыстарды баяндады.

    Қала әкімінің айтуынша, бұл бағытта «College SmartNation» порталы енгізілген. 

    Аталған портал студенттерді оқуға қабылдауды, қажетті анықтамаларды электронды жүйе арқылы алуды және тегінтамақпен қамтамасыз етуді қарастырады екен.

    Г. ҚАПАЛ 

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТТЕГІ «НАУРЫЗ» АЛАҢЫ МАҢЫНДА ЭТНОАУЫЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: 6 АЙДА 110 МИЛЛИАРДҚА ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

    Фариза

    Қызылордада емханалар жанынан бастапқы денсаулық орталығы ашылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.