Воскресенье, 28 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сыр елінде 6 ескерткішке археологиялық зерттеу жүргізілуде

    Биыл Қызылорда облысында алғаш рет Сырдария ауданындағы ортағасырлық Асанас қалашығына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Археологтар қалашықтың қақпасын, қорғаныс қабырғалары мен мұнараларын, тұрғын үй орындарын аршуда. Бұл туралы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова мәлімдеді.

    «Аймақтағы 6 ескерткішке археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде Жанкент, Сығанақ, Сортөбе, Қышқала қалашықтарындағы қазба жұмыстары аяқталса, ал, Бәбіш мола және Асанаста әлі жалғасуда. Қазба маусымында
    археологиялық жұмыстардың зерттеу ауқымы кеңейіп, маңызды нысандарды сақтаумен, консервациялаумен ерекшеленді. Сондай-ақ, Жанкент қалашығында консервацияланған бөлменің композициясы жасақталып, Оғыз дәуірінің тұрмыс-салт дәстүрінен хабар беретін, тарихи мүсіндер қойылып, зерттеушілер қалашық ішіндегі тұрғын үйдің ежелгі қалпын қайта жандандырды. Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған олжалар облыс музейлер қорына жинақталса, ғылыми-зерттеу есептері архив қорларында сақталады», – деді Мира Абуова.

    қатысты посттар

    «Мектепке жол»: 220 қызылордалық оқушыға көмек көрсетілді

    Фариза

    Ауыр қаза… “Balapan” арнасы бір балапанынан айырылды

    Қызылорда: Жалағаш кентіндегі көшелерді жөндеуге 322 жұмыссыз тұрғын тартылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.