Воскресенье, 14 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕМХАНАЛАР ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАДЫ

    Қызылордада емханалар жоспарлы жұмыстарын бастады. Бұған дейін скринингтік және профилактикалық тексерулер, жоспарлы стоматологиялық қызмет, оқушылардың денсаулығын қорғау қызметтері, салауатты өмір салтын ұстану бойынша шаралар, психологиялық көмек көрсету уақытша тоқтатылған болатын. Енді бұл қызметтер қайта жанданды.

    5 тамыздан бастап облыстық фтизиопульмонология орталығының 120 төсек орынға арналған инфекциялық стационары жабылып, 100 орынға шақталған провизорлық стационар болып қайта жасақталады. Ал 10 тамыздан бастап көпбейінді қалалық аурухананың 210 орынға арналған провизорлық стационары жабылып, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін шұғыл және жоспарлы емдеу жұмыстарын бұрынғыша жалғастырады.

    Жоспарлы емдеу жұмыстарының қайта іске қосылып жатқаны, аймақтағы ахуалдың тұрақталып келе жатқанын көрсетеді.

    қатысты посттар

    Қызылордадағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар шипажайға жіберілді

    Фариза

    Қарлығаш Әбдірахманова: Елорда – егемен елдің жүрегі

    Фариза

    Мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылып, 10 жыл темір торға тоғытылуы мүмкін

    Пікір қалдыру

    4 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.