-5.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент ауыл шаруашылығы өнімінің өсімі бойынша республикада бірінші орында

    Шымкент қаласында осы жылдың бірінші жартыжылдығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім
    көлемі 14.7 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,7 пайызға
    артық. Ауыл шаруашығы өнімінің өсу қарқыны бойынша Шымкент қаласы республика бойынша
    бірінші орында. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мамандары
    хабарлады.

    Басқарма мамандарының сөзінше, ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында жүйелі
    жұмыстарды жүргізу мен мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы
    өнім көлемі артқан. Өндірілген өнім көлемінің ішінде егін шаруашылығы 1,6 млрд. теңгені құраса,
    мал шаруашылығы 12 млрд. теңгеге жеткен.

    Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
    аясында 4 217,3 млн. теңге бөлініп, 8 бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығы тауар
    өндірушілеріне қолдау көрсетіліп келеді. Есеп беру кезеңінде оның 992,3 млн. теңгесі игерілген.
    Айта кетейік, ағымдағы жылдың I-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласында 6 мыңнан астам
    адам жұмыс жасаған.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: Қала әкімі мүгедектерді оңалту орталығының жұмысымен танысты

    Фариза

    Шымкент: Емханалар мен отбасылық амбулаториялар жанынан уақытша мобильді бригадалар құрылады

    Фариза

    ШЫМКЕНТ КӨШЕЛЕРІНЕ LED ЖАРЫҚШАМДАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.