36.3 C
Алматы
Суббота, 26 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте коронавирусқа шалдыққан науқастарға психологиялық көмек көрсетіледі

    Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент
    қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзилов
    мәлімдеді. Оның айтуынша, індетке шалдыққан науқастар аталған психологиялық көмекті «1430»
    қосымшасына тіркеліп, онлайн түрінде алады.

    – Бұл «1430» мобильді қосымшасында білікті психологтар тобы жұмыс істейді. Мамандар
    коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан науқастарға психологиялық оңалту жұмыстары
    бойынша онлайн түрде кеңес береді. Аталған індеттің нейротоксикалық әсері болғандықтан,
    науқастың бойында үрей қалады. Сол себепті күйзелістен арылтып, қалыпты өміріне бейімдеу
    үшін бұл көмектің маңыздылығы ерекше, – деді Т.Варзилов.

    Айта кетейік, «1430» онлайн кеңес беру мобильді қосымшасы осы жылдың 15 шілдесінен бастап
    іске қосылды. Бүгінде қосымшаға тіркелген эпидемиолог, инфекционист, пульмонолог сынды
    бейімді мамандардан бастап, жалпы саны 692 дәрігер халыққа онлайн түрде өз қызметтерін
    көрсетуде. Аталған кеңес тобына хабарласып жатқан науқастардың саны күннен-күнге артып,
    қашықтықтан консультациялық кеңес беру жұмыстары қарқынды жүруде.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент: Абай ауданында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

    Фариза

    КӘСІПКЕРЛЕР «ШЫМКЕНТ ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА» ҚОРЫ АРҚЫЛЫ КОРОНОВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ 100 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛДІ

    Фариза

    Мақтаарал ауруханаларында Сovid-19 инфекциясымен ауырған науқас жоқ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.