Вторник, 18 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сырдария ауданына оттегі концентраторы жеткізілді

    Жұқпалы індет жұқтырған науқастарға облыс орталығынан оттегілік балондар
    жеткізілуде. Бұл ретте аудандық ауруханада оттегі жеткізуші аппараттың жетіспеушілігі
    туындаған болатын. Бұл мәселе ел жанашырларының, қамқор азаматтардың
    демеушілігімен өз шешімін тауып келеді. Атап айтқанда, Сырдария ауданының құрметті
    азаматы Әріп Қожбанов отбасының атынан аудандық ауруханаға 1 дана оттегі
    концентраторын алып берді.

    Аталған аппаратты аудандық ауруханаға Әріп Қожбановтың ұлы Азамат
    Қожбанов жеткізіп, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Әріп Қожбановтың елге деген
    ыстық ықыласын жеткізіп, оттегі аппаратының науқастар еміне септігін тигізетінін айтты.
    Өз кезегінде медицина қызметкерлері өнегелі отбасының игілікті ісіне
    ризашылығын білдіріп, бақ-береке тіледі.

    Аудандық ауруханаға жеткізілген оттегі аппаратының құны 580 мың теңгені
    құрайды. Бұл медициналық құрылғы 2 науқасты емдеуге арналған.

    қатысты посттар

    Қазалыдағы мектептің жөндеу жұмысына 22 жұмыссыз тұрғын тартылды

    Фариза

    Елордалық жас сарбаздар Шекара қызметіне мерзімді қызмет атқаруға аттануда

    Мейірбек Даубалаев: Бейбітшіліктің мәңгілік символы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen − ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.