-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазалылық кәсіпкер оттегі баллондарын толтыруға көмек көрсетті

    Қазіргідей эпидимеологиялық ахуал күрделенген уақытта Қызылорда
    облысындағы Қазалы ауданының кәсіпкерлері жұқпалы аурумен арпалысып жатқан
    дәрігерлерге қолдау көрсетіп, қолдарынан келген көмекті аямауда.

    «Құрметті жолшы» төсбелгісінің иегері, «Қазалы-Жолшы» ЖШС директоры
    Серік Өтегенов аудандағы ауруханаларды оттегімен қамтамасыз етіп отырған «Шапура
    Қазалы» серіктестігіне 100 мың теңге аударды. Бұл қаржыға 50 баллон оттегіге
    толтырылып, Қазалы теміржол ауруханасына жеткізілетін болады.
    Айта кетейік, аудандағы ауруханаларға дәл осындай көмекті облыстық мәслихат
    депутаттары Ібайдулла Тілеп пен Мнажадин Өтеев те көрсеткен болатын.

    Қолы ашық кәсіпкерлердің көрсеткен демеушіліктеріне, қамқорлығына аудан
    дәрігерлері дән риза. Олар бұл оттегі баллондарының қиналғанда еміне шипа іздеп келген
    науқастардың денсаулығының дұрысталып кетуіне септігін тигізетініне сенімді.

    қатысты посттар

    Қызылорда қаласының коммуналдық саласында тың серпіліс бар

    Фариза

    Байқоңырды дамытуға арналған бағдарлама аясында қала жаңа кейіпке енеді

    Фариза

    Бұрынғы Қорғаныс министрі Бектанов қамауға алынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    six + 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.